Қазақстан Жоғарғы соты Қаңтар оқиғасынан кейін 15 жылға сотталған Нұрсұлтан Исаевтың ісін кассация алқасында қарауға негіз жоқ деп шешті. Яғни Исаевқа тағылған бапты қайта саралап, істі кассация алқасында қарау туралы адвокат Азамат Сағалдың өтінішін қанағаттандырмады.
Журналист Данияр Молдабеков Азаттыққа сұхбатында 2022 жылғы Қанды қаңтар туралы жазған кітабы баспадан неліктен шығарылмағанын айтты. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде билік халықты жеңді деп есептейді.
Атыраулық журналист әрі блогер Олеся Вертинская – "Қаңтарда құқық қорғау органдарынан азап көрдім" деп арызданғандардың бірі. Ол екі жыл бойы істі әділ тергеуді талап етіп келеді. Іс бойынша тергеу үш рет тоқтатылған.
Қаңтар оқиғасында Көктөбе телемұнарасын қорғаған ҰҚК подполковнигі полиция мен шекарашылардың атысына куә болғанын айтып, Азаттыққа сұхбат берді. Оның сөзінше, осы оқиғаларда күштік құрылымның 5 қызметкері билік мәлімдегендей террористер қолынан өлген жоқ.
Қаңтар оқиғасында оқ тиіп қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты апелляциялық сот кейінге қалды. Себебі сотталушы денсаулығына байланысты қатыспаған, ал Айкөркемнің әкесі ұшақтан кешігіп қалған.
Алматыдағы телемұнараны басып алмақ болған бандитерге шекарашылар қарсы тұрып, шабуылды тойтарды – Қаңтар оқиғасындағы оқиғалардың бірінің ресми түсіндірмесі осындай. Ал Шекара академиясының бұрынғы қызметкері шындығында Көктөбеде шекарашылар мен ішкі істер министрлігі күштері өзара атысты дейді.
Азаттық радиосының қызметкерлері Қаңтар оқиғасының ортасында жүрді. Асылхан Мамашұлы, Аян Қалмұрат және Санат Нұрбеков көрген Қаңтар оқиғасы қалай өрбіді? Ал оқиғаға екі жыл толған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп.
2022 жылдың Қаңтар айындағы дүрбелеңде туыстарынан айырылған Өскемен мен Шымкент қаласының тұрғындары марқұмдарды еске алып, ас берді. Өскемендіктер алдымен алаңға барып гүл қойып, кейін мешітте құран оқытты. Ал шымкенттік ата-аналарға жергілікті билік орталық алаңға бармау туралы ескерту айтты.
2023 жылы елде Қаңтар оқиғасына қатысты негізгі соттар өтті.
PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев 2023 жылы негізгі саяси оқиғалар жөнінде сауалнама жүргізіп, қоғам пікірін зерделегенін айтады. Азаттыққа берген сұхбатында ол авторитаризмнің түрленгенін, бірақ негізгі қасиетінен айнымағанын айтады.
Тағы