Ирак астанасы Бағдаттағы "Русафа" түрмесінде қазақстандық алты әйел 2017 жылдан бері қамауда отыр. Олардың сөзінше, не тергеу болмаған, не үшін сотталғандарын да білмейді. Білместікпен адасқанын айтып, өткен ісіне өкінген жас әйелдер Қазақстан билігінен көмек күтеді.