Орталық Азиядан шыққан мигранттардың көбі Түркияға назар аударып отыр. Виза режимі жеңіл болғандықтан бұл ел аймақ тұрғындары үшін бұрыннан тартымды болатын. Алайда, Түркияда жұмыс істеп жатқан шетел азаматтары кейінгі жылдары бірқатар қиындықпен бетпе-бет келіп отырғанын айтады.
Бұл күндері Сирияда болып жатқан оқиғалар жөнінде әлеуметтік желіде түрлі фото-видеолар жариялап жүрген оннан астам қарулы адам ол жаққа Өзбекстаннан барғанбыз дейді. Бұл адамдар "Кәтиба Таухид уәл-Жихад" деп аталатын, негізінен өзбек ұлты өкілдерінен құралған топтың мүшелері болуы мүмкін.
Орталық Азияның ірі қалаларында жылда қыс мезгілінде тұрғындар түтінге тұншығып әлек болады. Сүзгі мен ауа тазартқыштан қайран жоқ. Біреулер биліктен жауап күтіп жүрсе, енді біреулер көшіп кетуге мәжбүр.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев – "ескі Қазақстаннан" қалған аз ғана өкілдің бірі. Forbes нұсқасы бойынша, оның байлығы 5 млрд долларға жеткен, яғни 2022 жылдан бері 1,2 млрд долларға артқан.
1991 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында этнолингвист ғалым Әбдуәли Қайдар елдегі саяси өмір, көппартиялық қоғамға қадам, тіл мәселесі және латын жазуы туралы ойын бөліскен. Зиялы қауым өкілінің қоғамдағы өзгерістерге берген бағасы – Азаттық радиосының эфирінде.
Қазақстан билігі экс-президенттердің жеке өмірі мен денсаулығын құпия етпек. Халықтан не жасырады? Кімнің сөзіне сенеміз? Сенатор өзгерісті мәжіліске сілтейді. Мәжіліс депутаттары ештеңе білмейді. Адвокаты марафоншы Марат Жыланбаевтың жағдайына алаңдайды. Түрме бастығынан жауап жоқ.
Сирияны ширек ғасырға жуық уақыт билеген Башар Асадтың үкіметін құлатқан қарулы топтардың құрамындағы шетелдіктер арасында Орталық Азия мен Балкан елдерінен барған адамдар да жүр. Олар кімдер?
Ұлы мен інісінен айырылып, жаназадан соң сот шешімі бойынша 15 күнге қамалған Қаржаубай Нұрымовтың үстінен енді қылмыстық іс қозғалды. Бірыңғай уақыт белдеуіне наразы азамат Қазақстан үкіметін сотқа берді.
Биыл күзде Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың жақындары әкімшілік жауапқа тартылды. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 күнге қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Онымен бірге екі туысы 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынды.
Латын қарпіне көшу – бір кезде Совет одағының құрамында болған түркі тілдес елдердің күн тәртібінен тәуелсіздік алған сәттен бері түспей келе жатқан тақырып. Қайсыбір елдер қарқынды реформа жасап үлгерсе, енді бірінде қаріп ауыстыру баяу жүріп жатыр.
Тағы