Оңтүстік Корея парламенті қарсы дауыс берген соң, президент Юн Сок Ель елде әскери режим тәртібін енгізу жөнінде шығарған шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды. Алты сағатқа созылған әскери режим елдегі саяси партиялар қызметіне, наразылық пен ереуіл өткізуге тыйым салып, цензура енгізген еді.