Биыл қыркүйекте ресейлік белсенді, 19 жастағы Павел Владимировтің Қазақстанда ұсталғаны өткен аптада ғана мәлім болды. Украинадағы соғысқа қарсы белсенді Ресейден тамызда кеткен, оған террористік ұйым жұмысын ұйымдастырды деген айып тағылған. Бұған украиналық қызбен хат алмасуы себеп болса керек.