2017-2018 жылдары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде саяси тәрбиелеу лагерінде болған этникалық қазақтар лагерьден кейін де мәжбүрлі түрде жұмыс жегілгендерін айтады. Олардың кейбірі "киім тіксе", екіншісі "киімдерді үтіктеумен" айналысқан.
Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу лагерьлері жайлы алғаш болып айтқан Қытай қазағы, қазір Швецияда тұратын Сайрагүл Сауытбай АҚШ мемлекеттік департаментінің "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығын (Annual International Women of Courage) алды.
Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғырларды әлемге танымал брендтер өнімін шығаратын фабрикаларға мәжбүрлі түрде жұмысқа жіберген. Бұл туралы Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) есебінде айтылады.
Шыңжаңдағы лагерьде қамауда болғанда қысым көргені туралы ашық мәлімдеп жүрген этникалық ұйғыр Тұрсынай Зияудун Алматы облысында тұрып жатқан үйінің қора-қопсысын біреулер өртеп жібергенін айтады. Ол мұны Шыңжаң жайлы айтқандарымен байланыстырады.
Ұлыбританиялық ВВС арнасы мен америкалық Associated Press ақпарат агенттігі редакциясына түскен 137 беттік құпия құжатта Шыңжаңның 311 тұрғынының жеке өмірі, отбасы, діни ұстанымы туралы деректер және не үшін лагерьге қамалғаны жайлы деректер бар.
Қытай елшісі мен АҚШ мемлекеттік хатшысының айтқандары Қазақстанға қалай әсер етеді?
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға бір күндік жұмыс сапары барысында Азаттыққа сұхбат берді. Дипломат АҚШ-тың Шыңжаңдағы "саяси тәрбие лагерьлері" бойынша ұстанымы, Орталық Азияда қандай мәселелерге басымдық беретіні және Қазақстанмен әріптестігінің болашағы жайлы айтты.
Қытайдың этникалық қазағы Гүлзира Әуелханқызы Азаттыққа Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу лагеріне" қалай түскенін айтып берді. Ол "лагерьде" қандай қиындық көргенін, фабрикада еркінен тыс жұмыс істегеннен кейін Қазақстанда қалған отбасына қалай оралғанын баяндады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанды Шыңжаңдағы мұсылман топтардың қудалануына байланысты Қытайға қысым жасауға шақырды.
Қазақстан соты "қазақ-қытай шекарасын бұзып, Шыңжаңнан қашып келген" қытайлық алты қазақты кері депортацияламады. Сот үкіміне сарапшылар не дейді?
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласындағы сот "қазақ-қытай шекарасын заңсыз бұзып өткен" Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын бір жылға бас бостандығынан айырып, елде қалдырды.
"Шекарадан заңсыз өткен" деп айыпталған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын Қытайға бермей, Қазақстанда қалдыруға жәрдем сұраған бір топ белсенді БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігіне хат тапсырды. Қазақстаннан босқын мәртебесін сұраған екі азаматтың ісін Зайсан соты қарап жатыр.
Тағы