Accessibility links

Дағыстандағы теракт бойынша "Единая Россия" бөлімшесінің хатшысы ұсталды


Дағыстан, 23 маусым, 2024 жыл.
Дағыстан, 23 маусым, 2024 жыл.

Ресей құрамындағы Дағыстанда Сергокалин ауданының басшысы және "Единая Россия" партиясының жергілікті бөлімшесінің хатшысы Магомед Омаров ұсталды. Полиция оның үйін тінткен.

Мемлекеттік ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Омаровтың екі ұлы және оның жиені синагога мен полицейлерге жасалған шабуылға қатысқан. "Интерфакс" сайты құқық қорғау органдарындағы аноним дереккөздерге сүйеніп, шабуыл жасағандар өлді және олардың кім екені анықталды деп хабарлады.

23 маусымда Дербентте автоматпен қаруланған белгісіз біреулер синагога мен православ шіркеуін атқылаған. Сол уақытта Дағыстан астанасы Махачқалада белгісіз адамдар жол полициясы қызметіне шабуыл жасап, оқиға орнына барған полиция қызметкерлерімен атысқан.

Шабуылдар салдарынан кемінде 9 адам қаза болды, оның 7-і – полиция қызметкері. Одан бөлек, 25 адам зардап шеккен. БАҚ шіркеу қызметкері көз жұмды деп хабарлады.

Ресей тергеу комитеті шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуылға кемі алты адам қатысқан. Билік күштері төртеуінің көзін жойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG