Accessibility links

FT: АҚШ, Израиль және Украина Patriot ракеталары жайлы келісімді талқылап жатыр


Patriot ракеталары.
Patriot ракеталары.

АҚШ, Израиль және Украина өкілдері Киевке ресейлік ракеталардың барлық түрін, соның ішінде ең жаңа "Қанжарды" да атып түсіре алатынын көрсеткен Patriot зымыран кешенінің "сегізге жуық" данасын беру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл жөнінде осы жайттан хабары бар бес дереккөзге сүйеніп, Ұлыбританияның Financial Times басылымы хабарлады.

Келіссөздерге үш елдің министрлері мен басқа да жоғары дәрежелі шенеуніктері қатысып жатыр. Әзірге ортақ пікірге "қол жеткен жоқ" дейді.

Financial Times шығарған келіссөздер туралы жаңалықты BBC-дің телеграм-арнасы да жариялады.

Сәуірде Израиль қару-жарақ қорындағы 30 жылдан асқан сегіз Patriot кешенінің орнына жаңа ракета жүйелерін алу жоспары барын хабарлаған. Алайда Израиль оларды қазір палестиналық ХАМАС тобымен соғыста пайдаланып жатыр. Израиль Ливандағы ираншыл "Хезболла" тобымен арада соғыс басталып кете ме деп те алаңдайды.

Украина әуе қорғанысы құралдарына зәрі болып отыр, бұл осалдығы Ресейге Украинаның энергетика жүйесін жоюға мүмкіндік береді. Ресей авиациясы майданда қуатты әуе бомбаларын игерген, оны (Ресей армиясының көзқарасы бойынша) ондаған шақырым қашықтан, Ресей аумағынан көп шықпай-ақ нысанаға дәлдеп ұшыруға болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG