Ресей Украинаға қарсы бастаған соғыста сарқылған күшін толтырып, әскер қатарын мобилизациясыз жаңартуға барын салып жатыр. Билік түрмеде жазасын өтеп жатқан я тергеуде отырған адамдарды жаппай майданға жөнелтуді жолға қойған. Қосақ арасында кетіп жатқан көптің ішінде Ресейге Орталық Азиядан барған мигранттар да аз емес
Ресей президенті Владимир Путин балалары туралы айтпауға тырысады. Бірақ журналистер оның екі қызы барын, олардың немен айналысатынын анықтаған. Журналистердің жаңа зерттеуі гимнастикадан олимпиада чемпионы болған Алина Кабаева Путинге екі ұл тауып бергенін көрсетіп отыр.
Ресей президенті Владимир Путиннің қаңтарда жариялаған жаңа ұлттық жобасы қартаюға қарсы жаңа медициналық технологиялар дайындауды көздейді. "Система" мен "Медуза" сөйлескен адамдар бұл жобаны Путинге жақындығы бар деген Михаил Ковальчук ұсынғанын айтады.
Украина әскері Ресейдің Курск облысына шабуылын жалғастырып жатыр. Бұған қоса, Ресейдің Белгород облысы да "жағдай өте қиын" деп, төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет және Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін екі жарым жыл өткенде Ресей аумағы ашық шабуылға ұшырады. Ресей жеріндегі шайқастар "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қақтығысқа араласа ма?" деген сұрақ туындады.
Вашингтон мен Мәскеу арасындағы бірнеше мемлекет қатысқан тұтқын алмасу шарасы аясында АҚШ-тың үш азаматы мен ресейлік оппозиция өкілдері босатылды. Бірақ саяси тұтқын деп танылған басқа америкалықтар мен жүздеген ресейлік әлі де түрмеде отыр.
Ресейлік шенеуніктер Орталық Азиядан келген мигранттарға арналған ережені қатаңдатуды қарастырып отыр. Енді шетелден жұмыс істеуге келген азаматтар қоғамдық орындарда тек орыс тілінде сөйлеуі керек. Еңбек мигранттарына туған тілінде сыбырласуға да тыйым салынбақ.
Владимир Путин Ресей президенті қызметіндегі бесінші мерзімін үкіметте көптен болмаған ауыс-түйістен бастады. Сарапшылар пікірінше, бұл Украинаға қарсы ұзаққа созылған әрі аса қымбатқа түскен басқыншылық соғысты одан ары жалғастыру қажеттігінен туындады, оған қоса Батыс елдерімен арадағы шиеленістің күшеюінің салдары.
Тағы