Ресейде 5 қыркүйектен бастап "Маңызды әңгіме" деген жаңа пән енгізіледі. Бұл сабақ әр дүйсенбі сайын мектепте ту көтеріліп, әнұран айтылған соң өткізілмек. Оны ағарту министрлігінің идеясы бойынша енгізген. Қыркүйектегі сабақтардың жоспары ашық дереккөздерде жарияланды.
Украинадағы соғыс кезінде "Восток" әскери жаттығуы бұрынғыдай кең ауқымда өтпейді. Соған қарамастан Ресей Батысқа әлі де оқшаулана қоймағанын, әскери қуатының жеткілікті екенін көрсетуге тырысып жатқандай.
Мәскеу түбінде ресейлік оңшыл радикал философ, "орыс әлемінің" идеологы Александр Дугиннің қызы автокөлігі жарылып, қаза болды. Екі күн өтер-өтпесте Ресей федералды қауіпсіздік қызметі 29 жастағы Дарья Дугинаны кім өлтіргенін анықтағанын мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кіру туралы шешімі ақыр соңы оның өз режимін құрдымға кетіруі мүмкін. Ресей жөніндегі сарапшы Ивер Нойманн Азаттыққа сұхбатында осындай тұжырым жасайды.
Ресейден Германияға газ айдайтын "Солтүстік ағын-1" құбыр желісінің жұмысы техникалық себептермен он күнге тоқтап, енді қайта іске қосылды. Бірақ құбырмен жіберілетін газ бұрынғы көлемінен аз. Еуропадағы энергетика дағдарысы жайлы не білу керек? Түсіндіреміз.
Ресей құрамындағы Бурятия мен Тыва республикаларында тұратын әйелдер Украинадағы соғысқа кеткен туыстарын қайтаруды талап етіп, билікке үндеу жасады. Ресей Украинаға басып кіргелі бері басқаларына қарағанда осы екі аймақ ең көп адамнан айырылған.
Тағы