Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуылдан, алдын ала дерек бойынша, 15 адам қаза тауып, 20-дан аса адам жараланған. Қаза болғандар арасында мектеп оқушылары бар.
Ресейде Кремль жариялаған "ішінара мобилизацияға" наразылық күшейіп барады. Аймақтарда тұрғындар жақын-туғанын Украинаға соғысқа жіберуге қарсылық танытты. Иркутск өңірінде әскери комиссариат өкіліне тұтқиылдан оқ атқан.
Кремльдің мобилизация жариялап, 300 мың адам әскерге алынатынын мәлімдеуі Ресей қоғамын дүрліктірді. Елден шығуға асыққан ресейліктер көбейді. Азаттық тілшілері Ресейдің Қазақстанмен шекарасындағы кейбір бекеттердегі жағдайды көріп қайтты. Ресейден келіп жатқандар мобилизациядан қашқанын жасырмайды.
Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйекте "ішінара мобилизация" туралы жарлық шығарғаннан кейін елден кетушілер күрт көбейді. Қазақстанға қарай өтіп жатқандар да көп екені жайлы ақпарат тарады. Ресейдегі қазақтардың қазіргі жағдайы қандай? Азаттық оларға хабарласып, қазіргі жағдайын білді.
23-27 қыркүйекте Украинаның Донецк және Луганск облыстарының сепаратистер бақылауындағы, Херсон мен Запорожье облыстарының Ресей басып алған жерлерін Ресейге қосу жайлы "референдум" өтпек. Бұл шара Украина әскерінің қарсы шабуылы мен Ресейдің "ішінара мобилизация" жариялауымен тұспа-тұс келді.
Аты аңызға айналған әнші Алла Пугачева Ресей президенті Владимир Путин мен Украинадағы соғысқа қарсы шыққан бірінші жұлдыз емес. Бірақ халық оны ерекше құрметтейді. Пугачеваның ұстанымы Украинадағы соғыс пен Путиннің елдегі өзгеше ойлайтындарды басып-жаншуына қарсы наразылықты күшейтуі мүмкін бе?
Азаттықтың Қырғыз қызметі Ресейдің Украинадағы соғысқа Қырғызстан арқылы әскер жібергенін анықтады. Қант қаласындағы ресейлік әскери базаға Ресейдің Тыва өлкесінен 300-500 адам келіп, кейін сол жерден Украинаға кетті дейді жергілікті жұрт. Мұны белсенділер мен тыва сарбаздардың туыстары да растады.
Ресейде 5 қыркүйектен бастап "Маңызды әңгіме" деген жаңа пән енгізіледі. Бұл сабақ әр дүйсенбі сайын мектепте ту көтеріліп, әнұран айтылған соң өткізілмек. Оны ағарту министрлігінің идеясы бойынша енгізген. Қыркүйектегі сабақтардың жоспары ашық дереккөздерде жарияланды.
Украинадағы соғыс кезінде "Восток" әскери жаттығуы бұрынғыдай кең ауқымда өтпейді. Соған қарамастан Ресей Батысқа әлі де оқшаулана қоймағанын, әскери қуатының жеткілікті екенін көрсетуге тырысып жатқандай.
Мәскеу түбінде ресейлік оңшыл радикал философ, "орыс әлемінің" идеологы Александр Дугиннің қызы автокөлігі жарылып, қаза болды. Екі күн өтер-өтпесте Ресей федералды қауіпсіздік қызметі 29 жастағы Дарья Дугинаны кім өлтіргенін анықтағанын мәлімдеді.
Тағы