Құқық қорғаушы топтар Ресейдің Орталық Азия азаматтарын немесе екі елдің паспорты бар адамдарды мобилизацияға тарту үшін түрлі айла-шарғыға барып жатқанын айтады. Олардың кейбірін мәжбүрлесе, кейбірін алдап-сулап соғысқа қатыстыруға тырысқан.
Ресейде жуырда ғана мобилизацияға ілінген азаматтардың алды үйіне табытпен оралып, ел ішінде үрей одан сайын күшейіп жатыр. Президент Владимир Путин "ішінара" мобилизация жуырда аяқталатынын айтқанымен, жұрт оған сенбейді.
Мәскеуде Қырғызстан тумасы, Ресейде әскерде болмаған әрі бүйрегі ауыратын 36 жастағы азаматты үйінен полиция мобилизация орталығына апарған. Сол жерде талып қалған ол екі рет жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Ауруханадан шыққан соң мобилизация орталығына барудан бас тартқан азамат қазір тығылып жүр.
10 қазанда Ресей әскері Украинаның оннан астам қаласына ондаған ракета атты. Президент Владимир Путин әскерилердің ұсынысымен соққы жасалды деді. Саясаттанушы Иван Преображенский Настоящее время арнасына берген сұхбатында Путиннің қалай шешім қабылдайтыны, элита оны сынаудан неге қорқатынын айтты.
10 қазанда Киевте бірнеше жарылыс болды, қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Бұл шабуыл Ресей президенті Владимир Путин Қырымды Ресеймен жалғайтын көпірде болған жарылысқа Украинаны айыптаған күннің ертесіне жасалды.
7 қазанда Ресей президенті Владимир Путин 70 жасқа толды. Осы күнге дейін ол оппозицияны басып-жаншып, Украинаға басқыншылық жасаған соң елдің болашағына балта шапқандай болды. Ресей әскерінің соғыстағы сәтсіздіктері мен халық құптай қоймаған мобилизациядан соң жұрттың Путинге көзқарасы өзгеруі мүмкін дейді сарапшылар.
Шекара алдындағы ұзын-сонар кептеліс, такси жүргізушілері, болашағы бұлыңғыр, уайымға толы сапар, бейтаныс адамдардан күтпеген көмек: Ресейде билік "ішінара" мобилизация жариялағаннан кейін елден кетуге асыққан ресейліктердің басынан өткен жайттарды осылай сипаттауға болады.
Ресейде "ішінара мобилизация" жариялағаннан кейін Грузиямен шекарадағы Верхний Ларс бекетінде бірнеше шақырымға созылған көлік кезегі пайда болды. Әлеуметтік желіде ресейліктер шекарадан қалай өтуге болатынын сұрап жатыр. Бірақ грузиндердің көбі жылы қабақ танытып жатқан жоқ.
Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуылдан, алдын ала дерек бойынша, 15 адам қаза тауып, 20-дан аса адам жараланған. Қаза болғандар арасында мектеп оқушылары бар.
Ресейде Кремль жариялаған "ішінара мобилизацияға" наразылық күшейіп барады. Аймақтарда тұрғындар жақын-туғанын Украинаға соғысқа жіберуге қарсылық танытты. Иркутск өңірінде әскери комиссариат өкіліне тұтқиылдан оқ атқан.
Тағы