Қытайдың батысында тұратын этникалық қазақтардың түрлі себеппен қамауға алыну себебі не? Си Цзиньпиннің екінші мерзімінде Пекиннің Шыңжаңдағы ұлттық саясаты қандай болмақ? Азаттық чехиялық белгілі қытайтанушымен сұхбаттасты.
Қытайдан көшіп келген оралмандар тобы Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Шыңжаңда бірнеше айдан бері қамауда отырған туыстарының дерегін білуге жәрдем сұрайды. Министр Қайрат Әбдірахманов "шетелдегі қазақ диаспорасының мүддесі мен құқығын қорғауға" уәде етті. Қытай консулдығы бұл мәселе жөнінде комментарий беруден бас тартты.
Қытайда туған қазақ жазушысы, тарихшы, этнограф Зейнолла Сәніктің еңбектері Алматыда 15 том болып басылып шықты. Жинаққа оның алғашқы романы «Сергелдең», «Тұғырыл хан» секілді көлемді шығармалары, Қытай архивтерінен жазған зерттеу еңбектері енді. 2013 жылы Алматыда қайтыс болған жазушының өмір жолынан Қытайдағы авторитарлық режимнің 1960 жылдары қарапайым адамға көрсеткен қысымының алуан тәсілін көруге болады.
Ауғанстанда тұратын этникалық қазақ Абдулрахиб Мүслімбек 1994 жылы Құндыз қаласында дүниеге келген. Өзі туып-өскен қаладағы жоғары оқу орынында құқықтану мамандығы бойынша 3-курста оқып жатыр. Абдулрахиб Азаттыққа Ауғанстан қазақтары жайлы айтып берді.
Ирландияда ұстаздық ететін қазақ жігіті Қазақстандағы жемқорлық жайлы, ғылымға деген көзқарасы туралы пікірімен бөлісті.
Біріккен Араб Әмірліктерінде химик-инженер мамандығы бойынша жұмыс істейтін қазақстандық Бахтияр Худайбергенов «қазір жастардың көп уақыты әлеуметтік желіде өтіп жатыр. Соның кесірінен университет бітіргенде «әттең» дейтіндер көп» дейді. Ол Азаттыққа шетелдік компанияға қалай кіргенін, болашақ жоспарларын әңгімелеп берді.
1999 жылы Қазақстаннан Францияға кеткен Жанар Төребаева қазір осы елдің жоғары дәрежелі дәрігері. Жанар мұнда қарт кісілерді емдеумен айналысады. Ренн (Rennes) қаласында тұратын ол «Қазір аймақ дәрігерлері менің алдымда ант қабылдайды. Мен үшін ол үлкен қуаныш» дейді. Жанар Төребаева Ренн қаласында Абай ескерткішін қойғанын, Алматыда француз тілі сыныптарын ашқанын әңгімелеп берді.
Моңғолиялық Жандос Шәріпұлы көппартиялы жүйенің арқасында сол елдегі саясатқа араласқанын айтады. "Бұл қызметке қарым-қабілетіме байланысты ие болдым" дейді ол.
Алматыға Қытайдан қоныс аударған қазақтар бірінің баласы, екіншісінің әкесі Шыңжаңға қыдырып барғанда ұсталып, сотталғандарын айтады. Туыстары оларға анық не айып тағылғанын да біле алмай отыр.
Египетке тіл курсына кеткен қазақстандық алты студент бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз қалды. Олардың кейбірінің туыстары «жастар намаз оқыса да, әсіредіншіл болмағанын» айтып алаңдайды.
Түркия «1941 қазақстандықтың» Сириядағы қақтығыс аумағына барғаны туралы мәлімет бар деп, оларды территориясына кіргізбейтінін мәлімдеді. Қазақстан азаматтары қақтығыс аймағына кіруге жиі талпынатын 10 ел қатарында аталған.
Қытай билігі Шыңжаңда полиция тергеуінде қаза тапқан қазақ имамның жақтастарын қудалай бастады деп хабарлады «Азат Азия радиосы». Билік имамның өлімін «өзіне-өзі қол жұмсаған» деп түсіндірген.
Тағы