Батыс басылымдары бұл аптада Орталық Азия елдері ынтымақтастықты күшейте ала ма деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Пекин Қазақстан бидайына арналған тарифті аяқ астынан өзгерткен соң, Қытайға бидай экспорты тоқтап, диқандар шығынға батып жатқанын жазды. Басылымдар бұдан бөлек елден білікті мамандар не себепті көшіп жатқанын талдап, оның салдарына үңілді.
Украина билігі Ресейдің Курск облысында алға жылжып жатқанын мәлімдеді. Батыс басылымдары Украинаның шабуылы Кремльді састырып, Ресей президенті Владимир Путиннің беделіне үлкен соққы болып тигенін жазып жатыр. Украинаның түпкі мақсаты не, Курскідегі операцияның ақыры не болмақ және Путин қалай әрекет етуі мүмкін? Азаттық Батыс басылымдарын шолып шықты.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Камерон қазақ әріптесі Мұрат Нұртілеумен болды делінген әңгімені ресейлік пранкерлерге айтып берді, бірақ Қазақстан СІМ оны "жалған ақпарат" дейді. Грекия өртенген арал маңында яхтада болған сегіз қазақстандықты іздеуге Қазақстаннан көмек сұрады.
Батыс баспасөзі осы аптада сыртқы ойыншылардың аймақтағы сирек жер металдарына таласы Орталық Азияға қандай қауіп төндіретінін талдады. Сонымен қатар Қаңтар оқиғасына байланысты 11 адамға сот үкімі шыққанын, бірақ бұл шындықтың бетін ашпаған кезекті процесс болғанын жазды. Сондай-ақ басылымдар Оңтүстік Кореяның президенті аймаққа не үшін келіп кеткенін сараптады. Одан бөлек бір кезде қазақ даласын мекендеген керқұланның екі ғасырдан кейін елге қайта оралғанына тоқталды.
Тағы