Америкалық Stratfor барлау және сараптама орталығы орыс тілінің қолдану аясы тарылып, демографиялық, мәдени, саяси және технологиялық өзгерістер қарқынды жүріп жатқандықтан, Кремльдің көршілерге ықпал ету мүмкіндігі азая береді деп болжайды.
Finanсial Times газеті Қазақтанды инвестиция құюға ең тиімді дамушы елдердің бірі ретінде көрсеткен. Шетел баспасөзі Қазақстанның Зимбабведегі жаңа мәмілесі жайлы да хабарлайды.
Шетел баспасөзі Қытайдың Қазақстанмен шекарадағы "Қорғас" арнайы экономикалық аймағына салатын инвестициялар жобасы жайлы жазған. Сонымен бірге Қазақстан мен Қытай шекарасының бір бөлігінен спутниктен түсірілген фотосуреттер жайлы да айтылған.
Шетелдік баспасөз мұнай бағасының өзгеруі жайлы жазған. Сарапшылар кей елдер ОПЕК-тің мұнай өндірісі көлемін азайту шешіміне қосылуды ұйғарған тұста баға сәл қымбаттағаннан кейін де сақтана болжам жасайды.
Шетел баспасөзі соғыс жүріп жатқан Сирияда қауіпсіз аймақтар құруға қатысты Астанада қол жеткен келісімді әрқилы бағалайды. Келісім нәтижесін оң бағалаумен қатар әлемде толық реттелмеген тағы бір қақтығыс ошағы Сирияда пайда болуы мүмкін деген күдік те айтылады.
Шетелдік бірнеше басылымда Қытайдың "Жібек жолын" жаңғырту бастамасының жалғасы туралы жазыпты. Қытайдан тыс жерлердегі нысандарда еңбек етіп жатқан қытай жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нарық пайда болған.
Батыс баспасөзі орыс тілінің постсоветтік елдердегі позициясы, Ресейде Яндекстің Google-ден озғаны және Солтүстік Корея төңірегіндегі дағдарыс тұсында Қытайдың Азиядағы ықпалы жайлы комментарийлер жариялаған.
Батыс баспасөзі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды латын әліпбиіне көшіру мәлімдемесіне қатысты комментарийлер жариялап, жаңа «құрыш» Жібек жолы және былтыр табылған моңғол әйелі мумиясының «стильді» аяқ киімі туралы жазған.
Халықаралық баспасөз бұл аптада қазақстандық екі жас жігітті назарға алыпты. Максим Арышев сәуірдің 3-і күні Санкт-Петербургтегі жарылыста қаза тапты. Yahoo сайтына жасалған хакерлік шабуылдарға күдікті Кәрім Баратовтың шалқыған өмірі жайлы жаңа жайттар анықталып отыр.
Батыс баспасөзі Қазақстанға француз тікұшақтарын сатуға қатысты даулы мәмілені тексеру, Ресей арнайы қызметінің тапсырысымен жасалған кибершабуылдарға Кәрім Баратовтың қатысын ата-анасы жоққа шығарғаны туралы жазған.
Батыс баспасөзінде КИМЭП профессорының Қазақстанда билік интернетті өзіне қызмет еткізіп қойғаны жайлы мақаласы шықты. Алматы тағы да әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді.
Батыс баспасөзі осы аптада Астанада өткен Сирия жанжалына қатысты келіссөзден түк шықпағанын жазады. Бұған қоса, Yahoo желілеріне жасалған кибершабуылдарға күдікті, Қазақстанда туған Кәрім Баратов жайлы комментарийлер жариялаған.
Тағы