An electoral college is expected to choose Mikheil Kavelashvili, a 53-year-old former footballer and right-wing populist, as Georgia's next president. But with the country rocked by anti-government protests, the incumbent Salome Zurabishvili has said she isn't going anywhere.
Сирияны ширек ғасырға жуық уақыт билеген Башар Асадтың үкіметін құлатқан қарулы топтардың құрамындағы шетелдіктер арасында Орталық Азия мен Балкан елдерінен барған адамдар да жүр. Олар кімдер?
Сирияның экс-президенті Башар Асадқа қарсы топтар небары 11 күнде солтүстіктен оңтүстікке еш кедергісіз жылжи отырып, Алеппо, Хама және Хомс сияқты ірі қалаларды ұрыссыз алды десе болады. Содан кейін Дамаскіге кіріп, елді жарты ғасырдан астам уақыт басқарған Асад әулетінің режимін биліктен тайдырды.
Желтоқсанның басында Оңтүстік Кореяны дүр сілкіндірген саяси оқиға бүкіл әлемнің назарын аударды. Осы елде оқуда және жұмыс істеп жүрген Орталық Азия елдерінің азаматтары өздері куә болған жайтты баяндап берді.
АҚШ қаржы министрлігі Өзбекстан үкіметінің бұрынғы үш лауазымды қызметкеріне санкция салды.
Грузиядағы наразылық акциясына шығып жүрген студенттер мен оқушылардың артында тұрған біреу бар ма деген сауалға жауап жоқ. Жастар көшбасшысыз, өздері ұйымдасып шығып жүргенін айтады. Ешбір партияға жатпайтындардан құралған наразыларға өзгелер де жұмыла кетеді дейді сарапшылар.
Еуропа мен Орталық Азияда косметика жабдықтары мен лазер жартылай өткізгіштерін өндіруші атын жамылған фирмалар желісі Ресейге тыйым салынған тауарларды жеткізуге көмектесіп отыр. Олардың қызметін соғыс бастала сала санкцияға іліккен ресейлік миллиардер Андрей Козицынның компаниясы пайдаланады.
Оңтүстік Корея парламенті қарсы дауыс берген соң, президент Юн Сок Ель елде әскери режим тәртібін енгізу жөнінде шығарған шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды. Алты сағатқа созылған әскери режим елдегі саяси партиялар қызметіне, наразылық пен ереуіл өткізуге тыйым салып, цензура енгізген еді.
Азаттықтың Грузин редакциясының фототілшісі Тамуна Чкареулидің Тбилисидегі жаппай наразылықтың ортасынан әзірлеген фоторепортажы
Тағы