Марокко халқы кейінгі алпыс жылдағы ең жойқын зілзаладан әлі ес жия алар емес. Қаза тапқандар саны 2100-ден асып кетті. Тау етегінде тұратын көп елдімекенге құтқарушылар әлі жетпеген. Үйінде астында қалғандарды жұрт қолмен қазып, шығарып жатыр.
"Ресей мен Қытай әлсіресе, Орталық Азияның әрекет еркіндігі артады" дейді Стэнфорд университетінің профессоры, философ, 1992 жылы шыққан әйгілі "Тарихтың ақыры және соңғы адам" кітабының авторы Фрэнсис Фукуяма.
Кейінгі Ресейде доллар бағамы 100 рубльге дейін шарықтап кетті. Елдің Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеріп, жағдайды реттегендей болды. Бірақ рубльдің әлсіздігі ұзақмерзімде Ресеймен тығыз экономикалық байланыстағы Орталық Азия мемлекеттеріне қышқыл тиетіні қазірден көрініп отыр.
Нигердегі төңкеріс Батыс елдерін ойландырып тастады. Олар Сахель өңірімен байланысын үзсе, хунта Мәскеудің көмегіне жүгінуі мүмкін. Ресейдегі "бүліктен" кейін хабарсыз кеткен "Вагнер" тобы Батыс Африка мемлекетіне ықпалын жүргізе ала ма?
АҚШ өкілдер палатасының қадағалау комитеті Джо Байден вице-президент болған тұста оның ұлы Хантер Байден Украина, Ресей және Қазақстан олигархтарынан жиынтығы 20 миллион доллар алғанын мәлімдеді. Комитет бұл ақпаратты банктер берген төлем дерегінен алғанын айтты.
Владимир Путин неге өзін патша тәрізді ұстауға тырысады? Ресейдің Украинаға басқыншылығының астарында Путиннің жаңсақ аңыздың жетегіне еріп, славян халықтарын "біріктіруді" көксеуі жатыр ма? Оксфорд университетінде істейтін ресейлік тарихшы Андрей Зориннің Азаттыққа сұхбатын оқыңыз.
Тағы