Германиядағы Маршалл қоры дайындаған есепте Украинада соғыс басталғалы Ресей мен Қытайдың ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметкерлерінің ымыраластығы артқаны айтылады.
Түркиядағы Антакия қаласында зілзала кезінде жоғалып кеткен Қазақстан азаматын құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан. Қолы сынған. Бүлінген зәулім ғимараттың астында қалған тағы екі қазақты құтқару үшін Қазақстаннан барғандар арнайы техникаға мұқтаж екенін айтып, жұрттан жәрдем сұрады.
Түркияда болған зілзаладан бірнеше мың адам қаза тауып, ондаған мың адам зардап шекті. Олардың саны әлі де көбеюі мүмкін. "Хабарсыз кеткендердің арасында қазақтар да бар" деген хабар тарады. Азаттық Түркияда тұратын қазақтармен сөйлесіп, табиғи апаттан кейінгі жағдайды білді.
6 ақпан Түркияда таңертең және түсте магнитудасы 7,8 және 7,6 екі бірдей күшті жер сілкінісі болды. Еуропа – Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметі бойынша, зілзала кіндігі миллионнан аса тұрғыны бар Газиантеп қаласының маңызнда, 10 км тереңдікте болған.
Былтыр жылдың аяғында Кремль пандемияға байланысты кейінге шегерілген 2021 жылғы халық санағының нәтижесін жариялады. Бұл аз ұлт өкілдерін алаңдатқан даулы жобаға айналды.
Тағы