Әлем елдерінің әскери күші жайлы статистиканы жинақтайтын Global Firepower сайтының деректерінен Ресей мен Украинаның әскери күші тең емесін байқауға болады.
Ресей билігі Украинаның шығысындағы сепаратистік "ДХР" және "ЛХР" деп аталатын құрылымдарды "тәуелсіз мемлекет" деп танитынын мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин аталған екі аймаққа Ресей әскерін кіргізуге бұйрық берді. Киев пен Батыс мемлекеттері Мәскеудің бұл қылығын айыптап жатыр.
Deutsche Welle журналистері зерттеуінде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері Германиядағы бірқатар аса қымбат мүлікке иелік ететінін жазды. Мүлік иелері зәулім сарайлары мен қонақ үйлеріне бір де бір рет бармаған, бірақ соларға 100 миллион еуро инвестиция құйған.
Қытай президенті Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсті. Қос мемлекет арасындағы құбылмалы қарым-қатынастың астарында не жатыр?
3 ақпан күні Ұлыбритания парламентінде Қазақстандағы жемқорлыққа арналған пікірталас өтті. Ағылшын депутаты елдегі байлықтың басым бөлігі билікке жақын санаулы адамдарға тиесілі екенін, олардың бұл байлыққа халқын тонай отырып заңсыз жолмен жеткенін айтып, санкция салынуы тиіс 28 адамның атын атады.
Украина шекарасында Ресей әскері көбейді. Қытай бұл жағдайды АҚШ билігін айыптап, Мәскеумен байланысын нығайта түсуге пайдаланғысы келеді дейді сарапшылар.
Bloomberg басылымы Пекиндегі ақпарат көзіне сүйеніп, Қытай президенті "Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путиннен ақпанда өтетін қысқы олимпиада ойындары кезінде Украинаға шабуыл жасамауды сұраған" деп жазды. Сибирь.Реалии сарапшылардан бұл ақпарат рас болуы мүмкін бе деп сұрады.
Кейінгі апталарда Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы бейбіт наразылықтар мен сөз бостандығын басып-жаншуды жиілетті. Кабулдағы үйінде шабуылға ұшыраған журналист мұны содырлардан көріп отыр. Сондай-ақ тәліптердің бейбіт наразылыққа қатысқан екі әйелді тұтқындағаны жайлы хабар тарады.
Тағы