Accessibility links

Үкімет ҚҚС мөлшерін 16 пайызға дейін көтеруді ұсынды


Астанадағы Үкімет үйі, 2 желтоқсан, 2021 жыл.
Астанадағы Үкімет үйі, 2 желтоқсан, 2021 жыл.

Қазақстан үкіметі қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерін 16 пайыз деп белгілеуді және бірқатар саланы 10 пайыз және 0 пайыз мөлшерде саралауды ұсынды. Шенеуніктер мұны Астанада өткен бизнес өкілдерімен кездесуде айтқан.

Үкіметтің баспасөз қызметі ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы аясында ҚҚС мөлшерін белгілеу бойынша үкімет ұсыныстарын айтты деп хабарлады.

"Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшері – 16 пайыз, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қосымша құн салығынан толық босату, ал бірқатар салаға 10 пайыз шамасындағы аралық мөлшерлеме белгілеу. Осылайша, үкімет 16 пайыз, 10 пайыз, 0 пайыз және салықтан босатуды ұсынып отыр", – деді Әмрин.

Үкіметтің ұсынысы бойынша, аграрлық салада "Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті ету" үшін ешкім ҚҚС төлемейді.

Үкімет ұсынған ҚҚС-ның базалық мөлшері – 16 пайыз. Ал 10 пайыз шамасындағы қосымша құн салығы нақты қай салаға салынатыны әлі белгісіз, үкімет бұл мәселе бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр деді.

28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов пен оның орынбасары әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елде кәсіпкерлерге салынатын қосымша құн салығы (ҚҚС) көтерілетінін айтқан. Қазір Қазақстанда ҚҚС мөлшері 12 пайыз болып белгіленген. Бұған дейін үкімет жетекшісі салық мөлшері 20 пайызға дейін өсуі мүмкін екенін айтқан.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша, жылдық тауар айналымы 73 млн 840 мың теңгеден асатын кәсіпкерлер ғана қосылған құн салығын төлеуге міндетті. Бұған дейін үкімет салықтың бұл түрін жылдық тауар айналымы 15 млн теңгеден басталатын кәсіпкерлерге енгізуді ұсынған.

Жұрт әлеуметтік желіде үкіметтің бастамасын сынға алған. Сарапшылар салық ауыртпалығы қатардағы тұтынушыға түседі деді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда елдегі бизнес өкілдерімен кездесуде үкімет ұсынған ҚҚС мөлшері тым жоғары деп, бұл мәселені зерттеуді әрі биыл нақты шешім қабылдауды тапсырған.

Қосымша құн салығы – Қазақстанда сатылатын тауарлар (отандық және шетелден әкелінген) мен көрсетілетін қызмет бағасына қосылған жанама салық түрі, мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көздерінің бірі.

Тоқаевтың «көрпесі», Перуашевтың «Штрафстаны». Кедейлер неге көбейіп барады? – AzatNEWS | 29.01.2025
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:13 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG