Украина шекарасында Ресей әскері көбейді. Қытай бұл жағдайды АҚШ билігін айыптап, Мәскеумен байланысын нығайта түсуге пайдаланғысы келеді дейді сарапшылар.
Bloomberg басылымы Пекиндегі ақпарат көзіне сүйеніп, Қытай президенті "Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путиннен ақпанда өтетін қысқы олимпиада ойындары кезінде Украинаға шабуыл жасамауды сұраған" деп жазды. Сибирь.Реалии сарапшылардан бұл ақпарат рас болуы мүмкін бе деп сұрады.
Кейінгі апталарда Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы бейбіт наразылықтар мен сөз бостандығын басып-жаншуды жиілетті. Кабулдағы үйінде шабуылға ұшыраған журналист мұны содырлардан көріп отыр. Сондай-ақ тәліптердің бейбіт наразылыққа қатысқан екі әйелді тұтқындағаны жайлы хабар тарады.
Қазақстан президенті Тоқаев елдегі наразылықты басуға әскер сұрағанда Ресей көп ойланып жатпады. Бұл таңданарлық жайт емес: Тоқаевтың бұрынғы әйелі Ресейде туған. Ал ұлы Ресей СІМ дипломатиялық академиясын бітірген, Мәскеу маңында атышулы тұрғын үйді салған компанияның директорлар кеңесіне кірген.
Сарапшылар 2022 жылы Қытай тарихындағы негізгі кезеңдердің бірі басталады дейді. Си Цзиньпин президент өкілетінің шекті мерзімін жойып, бір адамның билігін орнатуға ұмтылатынын болжап жатқандар бар. Азаттық алдағы жылы Қытайдың Еуразияға ықпалын арттыруға әсер ететін жағдайларға шолу жасап көрді.
Экологиялық таза технологиялар саласындағы жетістіктер, жартылай өткізгіштер тапшылығы және метағалам. Оқырман назарына 2022 жылы әлемде өзекті болатын бес технологиялық тенденцияны ұсынамыз.
Газа Секторындағы қақтығыс, "Талибанның" Ауғанстанда билік орнатуы, пандемия, билікке наразылық. 2021 жылы әлемде болған оқиғаларды фотогалереямен баяндайық.
14 желтоқсанда Беларусьтің Гомель қаласындағы тергеу изоляторында "Тихоновский ісі" бойынша айыпталған алты адамға сот үкімі шықты.
Еуропа саясатын талдау орталығы Қытай мен Ресейдің коронавирус пандемиясы кезінде қандай жалған ақпарат таратып, қалай пропаганда жүргізгенін зерттеді. Баяндамада не айтылған?
Тағы