Польша 9 қарашадан бастап Беларусьпен шекарасын жабатынын мәлімдеді. Дүйсенбі, 8 қарашада Польша шекарашылары Беларусь жақтан келген мыңдаған босқынды Еуропа аумағына өткізбей, жолын бөгегенін мәлімдеді. Варшава шекарадағы мигранттар мәселесі ұшыққанын айтып, дабыл қағып жатыр.