Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия мен Африкадан щыққан мыңдаған босқын Беларусь арқылы Польша, Латвия, Литваға заңсыз өтуге талпынды. Олардың дені Минскіге ұшақпен жеткен. Еуроодақ пен Беларусь шекарасындағы жағдай ушығып жатыр. Ары қарай не болады? Азаттық бірнеше маңызды сұраққа жауап іздеп көрді.
Польша 9 қарашадан бастап Беларусьпен шекарасын жабатынын мәлімдеді. Дүйсенбі, 8 қарашада Польша шекарашылары Беларусь жақтан келген мыңдаған босқынды Еуропа аумағына өткізбей, жолын бөгегенін мәлімдеді. Варшава шекарадағы мигранттар мәселесі ұшыққанын айтып, дабыл қағып жатыр.
Грузияда түрмеде отырған бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің кезекті хаты ерте сайлау өткізу және жаппай наразылық мәселесіне арналды. Ол эмиграцияда жүрген грузиндерді де митингіге қосылуға шақырды.
Қытайлық теннисші Пэн Шуай желіде пост жазып, елдің экс вице-премьері Чжан Гаолиді зорлады деп мәлімдеді. Кейін теннисшінің жазбасы желіден жоғалып кетті. Бірақ қолданушылар оның постын скриндеп үлгерген.
Түркияның "Байрактар" әскери дроны туралы не белгілі? Түсіндіреміз.
Тайвань сыртқы істер министрі Джозеф У Азаттыққа берген сұхбатында Пекинмен тым жақын араласудың салдары, Қытаймен соғыс қаупі және Еуропаға сапары жайлы әңгімеледі.
Халықаралық ұйымдар айтқан аштық пен жоқшылықты Ауғанстанда тұратын қазақтар да бастан өткізіп жатырмыз дейді. Олар Қазақстан үкіметінен қыс түспей елге алып кетуді сұрайды.
2011 жылғы 20 қазанда Ливияда диктатор Муаммар Каддафиды туған қаласы Сирт маңында бүлікшілер азаптап өлтірген. Содан бері он жыл өтсе де, Ливия мен ондағы оқиғалардың әсері тиген көрші Африка елдерінде Каддафи режимі құлағаннан кейін басталған зорлық-зомбылық жалғасып жатыр.
Тағы