Ресей президентін "биоробот", өзін Қырғызстанның "жаңа құдайы" деп атаған, "қыс болмайды" деп болжаған Арыстан Абдылдаев немесе Арыстан Алай 5 қаңтарда түрме асханасында асылып өлді деп хабарланды. Ол – президент Садыр Жапаровтың тұсында қамауда көз жұмған соңғы белсенді.
Биыл Орталық Азия әлем державалары көп назар аударған аймаққа айналды. Сыртқы ойыншылар аймаққа неліктен көп көңіл бастады және ол қанша уақытқа созылуы мүмкін? АҚШ-тағы Texas A&M университеті үкімет және мемлекеттік қызмет жөніндегі Буш мектебінің профессоры Эдуард Лемонмен сұхбат.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселесі әскери қақтығысқа себеп болып, кейінгі жылдары қос тараптан ондаған адам қаза тапты. 2023 жылы даулы шекарада тыныштық орнады деуге болатын сияқты. Қос тарап та мәселені шешу үшін ұзақмерзімді келісім жасаймыз деп отыр.
Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің құрметіне салынған қаламен аттас "Арқадағ" футбол командасы жоғарғы лиганың жеңімпазы атанды. Бұл – Орталық Азия үшін жаңалық емес.
Франция мен Германия өзбек, тәжік азаматтарын депортациялау туралы шешім шығарып, белсенділердің сынына қалды. Олар тұтқындағы азаматтар туған жерінде азаптауға ұшырайды деп алаңдайды. Сарапшылар Еуроодақ босқын мәртебесін сұраған адамдарды жиі депортациялай бастағанын айтады.
Қырғызстанда қауіпсіздік қызметі қылмыстық авторитетті атып өлтірді, Өзбекстанда “өкіл әке” тұтқындалды. Сарапшылар қос мемлекеттегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы науқанның нәтижесі біраз жылдан кейін белгілі болады дейді.
Ғаламдық экономикалық құлдырау мен климаттың өзгеруі Совет Одағынан мұраға қалған мақта өндірісіне кері әсер етіп отыр. Шаруалар азын-аулақ табыстың көп бөлігі басқа адамдардың қалтасына кетіп жатыр деп шағынады.
Бір жыл Ақтөбе түрмесінде отырған қарақалпақ белсендісі Тілеубике Юлдашева қамаудан шыға сала қазақ билігінен көмек сұрады. Ол өзін Өзбекстанға бермеуді, онда сот пен түрме күтіп тұрғанын айтады. Қазақстан үкіметі оның өтінішіне құлақ асарына құқық қорғаушы сенбейді.
Ресейдің Украинаға қарсы соғысы аяқталған жоқ. Ал Орталық Азия елдері АҚШ Ауғанстанға әскер кіргізген кезден бері үшінші рет әлемнің назарына түсіп отыр. Өңір мемлекеттері көршісінен асып түсіп, әлемдік державалармен тығыз байланыс орната ала ма?
Тағы