Мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған үш жылдық бюджет туралы заңды мақұлдады. Биыл да бюджет қаражатының жетпеуіне байланысты үкімет Ұлттық қордан 5,3 триллион теңге алмақшы. Бұл жөніндегі заң жобасын мәжіліс мақұлдады.
Маңғыстауда Каспий теңізін мекендейтін итбалық жаппай қырылып қалған, Кейінгі бір аптада теңіз жағалауынан үш жүзге жуық итбалық өлексесі табылды. Мамандар олардың неден өлгенін анықтауға кірісті.
Қазақстанда 863 мыңға жуық толық емес отбасының 72 мыңнан астамында балаларды әкесі жалғыз тәрбиелеп отыр. Мамандар жалғызбасты әкелер проблемасын ашық айтып жарияламайды, содан олар "үнсіз қоғамға" айналған дейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 863 мыңға жуық толық емес отбасы бар. Оның 72 мыңнан астамында балаларды жалғызбасты әке тәрбиелеп отыр. Мамандар жалғызбасты әкелер проблемасын ашық айтып жарияламайды, содан олар "үнсіз қоғамға" айналған дейді. Ал толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан миллионнан аса балаға қоғам көмектесуі керек деп санайды.
Ақтөбеден 25 шақырым жердегі Шилісай ауылында 300-ге жуық адам тұрады. Қалаға қарайтын ауылдан халыққа жер беріле бастағанына тоғыз жыл болды. Содан бері суды жалғыз құдықтан тасып ішіп, жауын-шашын болса жолсыз ауылда үйден шыға алмай қаламыз дейді ауыл халқы. Балалары көрші ауылдарға қатынап оқитын жұрт көптен күткен мектеп құрылысы да бітер емес деп шағынды. Азаттық тілшісі ауылдағы жағдаймен танысып қайтты.
Азаттық жүргізген "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуінің соңғы бөлімін ұсынамыз. Бұған дейін Араб Әмірліктерінен үй алған мұнай саласы топ-менеджерлері, полковниктер мен генералдар, министрлер мен әкімдер туралы айтсақ, бұл жолы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің активтерін көрсетпекпіз.
Миллиардер Болат Өтемұратов иелігіндегі "31-телеарна" мен informburo.kz интернет порталын сатты ма, әлде сыйға тартты ма? Медиахолдингтің жаңа иесі кім? Мемлекет қолдауымен құрылған үкіметтік емес ұйымға телеарна мен ақпараттық портал не үшін керек болды?
Қазақстанда бір топ журналист мәдениет және ақпарат министрлігін сотқа берді. Бұған министр Аида Балаева бекіткен аккредиттеу ережесі түрткі болған. Журналистер "Масс медиа" заңына ілесе қабылданған бұл ереже сөз еркіндігін шектеп, ақпарат алу және тарату құқығын бұзып отыр дейді.
Қазақстанда 9 журналист бірігіп, сотқа Мәдениет және ақпарат министрлігінің ережесі жөнінде шағым түсірді. Олар министр Аида Балаева бекіткен "Журналистерді аккредитациялаудың үлгілік ережесі" сөз еркіндігі мен ақпарат таратудағы конституциялық құқықты бұзып отыр дейді. Журналистерді бұл қадамға не итермеледі?
Тағы