Тұрғындары талып қала беретін Березовканың ахуалы деректі фильмге де арқау болды. Батыс Қазақстандағы бұл ауылдың халқы балаларының денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтады.
Ресейде «тарихи фактілерді бұрмалады» деп кинопрокаттан алынған фильм Қазақстанда да көрсетілмейтін болды. Қазақстандық кинопрокат өндірісімен шұғылданатын компания «бұл - құқық иесінің шешімі» дейді.
Азаттық сайты 15 сәуірде кинорежиссер Сергей Әзімовпен онлайн-конференция өткізді.
Ресейде тұратын ұлты қазақ белгілі архитектор Тотан Күзембаев «Астана ұлттық колоритінен айырылған, қала салу кезінде климаттық ерекшеліктер ескерілмейді» дейді.
Кейбір мамандардың айтуынша, ұлттық киімдерді жұрт күнделікті киетіндей тұрмыстық қажеттілікке айналдыруға болады. Ал жастағы жағы олай киінуге «ыңғайсызданатындарын» айтты.
Голландия соты Ресей аннексия жасаған Қырымдағы мұражайлардың скифтер дәуіріндегі жәдігерлерін шетелдегі көрмеден кімге қайтарылатынын шешпек.
Қазақстанда шығатын балалар әдебиеті жыл сайын азайып барады. Сарапшылар «мұндай қарқынмен қолда бар оқырманымыздан айырылып қалуымыз мүмкін» деп қауіптенеді.
Наурызда Алматыдағы республикалық неміс театрында (DTK) екінші премьера өтті. Бұл жолы Франк Ведекиндтің «Көктемнің оянуы» пьесасы көрерменге ұсынылды.
Қазақстан неміс театрында германиялық режиссер Кай Вушек сахналаған «Қонақ үй» спектаклі премьерасы өтті. Ондағы бас кейіпкер - Женевадағы ең ірі үш отельдің бас директорына айналған даяшы.
Астанада режиссер Әділхан Ержановтың «Қожайындар» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина көрермендер арасында дау тудырды. Кейбір көрермендер оны кезінде дау туғызған «Борат» комедиясымен салыстырып, «арандататын фильм» деп атады.
Азаттық сайтында наурыздың 13-і күні қазақстандық кинорежиссер Ермек Тұрсыновпен онлайн-конференция өтті.
Кинотеатрларда «Дорога домой» («Оралу») фильмі прокатқа шығады. Назарбаев билігі тұсында «өркендей бастады» деген сарында түсірілген фильмде «отан сүюге» шақыратын үндеулер көп.
Тағы