Биыл күзде Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың жақындары әкімшілік жауапқа тартылды. Марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 күнге қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Онымен бірге екі туысы 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынды.
Жолдағы көлік кептелісі Қырғызстан астанасы Бішкек пен Қазақстанның ірі қаласы Алматының халқына да, экономикасына да кері әсер етіп отыр. Бұл екі қала да совет кезінде салынғандықтан, қазіргідей көлік нөпірін көтере алмайды.
Өскеменде бір топ адам Ресейдің "Белгісіз солдат күні" деп аталатын еске алу күнін атап өтті. Олардың арасында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар рухына тағзым етуге келгендер де, сонымен бірге Ресей Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғыста із-түссіз кеткен туысын жоқтағандар да болды.
Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеді. Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Полиция "Зорлау" бабымен іс қозғаған. Күдіктілер әлі анықталған жоқ. Жәбірленуші тарап кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласын 20 қарашадан бері газ бен тұман тұмшалап тұр. Әлеуметтік желі қолданушылары шұңқырда орналасқан қала түтінге бөгіп, іргедегі таудың төбесінен көрінбей қалғанын дәлелдейтін видеолар жариялап жатыр.
Қазақстан билігі жылу жинау туралы заңға өзгеріс енгізуді және осы саланы реттейтін бірнеше кодексті жаңа ережемен толықтыруды көздеп отыр. Мысалы, қайырымдылық қорларын міндетті аккредиттеу, төтенше жағдай кезінде кімнің жылу жинайтынын анықтауды әкімдікке тапсырып, өз бетінше жылу жинаған жеке тұлғаға айыпұл салу сияқты өзгертулер қарастырылған. Құжат ашық жария етілмегендіктен қоғам өкілдері алаңдап отыр.
Қазақстандық Әсел Баймұқанова итбалықты көп жылдан бері зерттеп жүр. Итбалық құрып кетпеуіне Каспий маңы елдері ішінде Қазақстанның ерекше жауапкершілігі бар деп санайды ғалым.
Әйелін сабап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекемеде жоқ екен деген сыбыс өткен аптаның аяғында әлеуметтік желіде тез тарап, жұртты елең еткізді. Дүйсенбіде ІІМ министрлігі бұл хабарды жоққа шығарып, жалған ақпарат тарату бабымен іс қозғалғанын хабарлады. Адвокаты Бишімбаев Степногорскідегі қамау мекемесінде отырғанын айтты.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік соты күніне жүзден аса еңбек мигрантын "көші-қон заңын бұзды" деген айыппен жауапқа тартып жатыр. Олар – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Мигранттар "іс тым баяу қаралып жатқанын, көбіне депортация жасалғанын" айтып шағынды.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік соты күніне жүзден аса еңбек мигрантын – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын «көші-қон заңын бұзды» деген айыппен жауапқа тартып жатыр. Қазақстанға жұмыс іздеп келген олардың көбі заңда көрсетілген айыппұлды төлеуге шамасы жоғын, соттың депортация жасау туралы қаулысына наразы болса да мойынсұнуға мәжбүр екенін айтады.
Тағы