Қазақстандық Әсел Баймұқанова итбалықты көп жылдан бері зерттеп жүр. Итбалық құрып кетпеуіне Каспий маңы елдері ішінде Қазақстанның ерекше жауапкершілігі бар деп санайды ғалым.
Әйелін сабап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қамауда отырған мекемеде жоқ екен деген сыбыс өткен аптаның аяғында әлеуметтік желіде тез тарап, жұртты елең еткізді. Дүйсенбіде ІІМ министрлігі бұл хабарды жоққа шығарып, жалған ақпарат тарату бабымен іс қозғалғанын хабарлады. Адвокаты Бишімбаев Степногорскідегі қамау мекемесінде отырғанын айтты.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілік соты күніне жүзден аса еңбек мигрантын "көші-қон заңын бұзды" деген айыппен жауапқа тартып жатыр. Олар – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Мигранттар "іс тым баяу қаралып жатқанын, көбіне депортация жасалғанын" айтып шағынды.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік соты күніне жүзден аса еңбек мигрантын – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын «көші-қон заңын бұзды» деген айыппен жауапқа тартып жатыр. Қазақстанға жұмыс іздеп келген олардың көбі заңда көрсетілген айыппұлды төлеуге шамасы жоғын, соттың депортация жасау туралы қаулысына наразы болса да мойынсұнуға мәжбүр екенін айтады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 863 мыңға жуық толық емес отбасы бар. Оның 72 мыңнан астамында балаларды жалғызбасты әке тәрбиелеп отыр. Мамандар жалғызбасты әкелер проблемасын ашық айтып жарияламайды, содан олар "үнсіз қоғамға" айналған дейді. Ал толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан миллионнан аса балаға қоғам көмектесуі керек деп санайды.
Ақтөбеден 25 шақырым жердегі Шилісай ауылында 300-ге жуық адам тұрады. Қалаға қарайтын ауылдан халыққа жер беріле бастағанына тоғыз жыл болды. Содан бері суды жалғыз құдықтан тасып ішіп, жауын-шашын болса жолсыз ауылда үйден шыға алмай қаламыз дейді ауыл халқы. Балалары көрші ауылдарға қатынап оқитын жұрт көптен күткен мектеп құрылысы да бітер емес деп шағынды. Азаттық тілшісі ауылдағы жағдаймен танысып қайтты.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында алапат өрт болып, мал қырылып, жайылым жарамсыз болып қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өртенген аумақ 35 мың гектардан асып кетті. Өрт сөндіру кезінде 33 жастағы құтқарушы Хали Хайрат қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті. Үш күннен кейін, 9 қазанда ТЖ қызметі өрт толық өшірілді деп мәлімдеді. Азаттық өрт болған жерге барып қайтты.
Шахтинск қаласының соты "Қазақстан" шахтасындағы кеншілер өліміне қатысты істі қайтадан қарай бастады. Істі қарау аяқталуға таяғанда судья ауысып, процеске қатысушылар мен көптеген куә қайта жауап беретін болды. "Жақындарымыздың қалай тұншыққанын, қалай өлгенін басынан бастап тыңдауға тура келді", – деді жәбірленушілер.
Коммерциялық емес CREA зерттеу ұйымы Теміртау металлургия комбинатының қаладағы ауа сапасына экологиялық ықпалы туралы баяндамасында зауыт ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мыңдаған жергілікті тұрғынның өліміне себепші болды деген қорытынды жасаған. Азаттық зерттеу авторларының бірімен әңгімелесті.
Қазақстан халқының 12 пайызға жуығы – зейнеткер. БҰҰ классификациясы бойынша, халқының 7 пайызынан көбі 60 жастан асқан адамдар болса, ол ел қартаюшы санатына енеді. Қарттықты немере бағып, той-жиында бата беру деп қабылдайтын қоғамдағы дәстүрлі түсінік кейінгі жылдары өзгерген. Қазіргі қарттардың көбі әлі де белсенді, бойындағы күш-жігерін пайдалы жұмсағысы келеді. Әлеуметтанушылар олардың бұл ресурсын тиімді пайдаланған жөн дейді.
Қазақстанда 2024 жылдың алғашқы алты айында, ресми дерек бойынша, кәмелетке толмаған мыңнан аса екіқабат қыз есепке алынған. 170-тен астамы аборт жасатқан. Дәрігерлер жасы жетпей бала көтеру жасөспірім қыздың өміріне қауіпті екенін ескертеді. Ондай қыздар арасында зорлық көріп, аяғы ауыр болғандар да бар. Бұл оларға физиологиялық, моралдық, психологиялық тұрғыдан ауыр тиеді, мінез-құлқы түбегейлі өзгереді дейді мамандар.
Тағы