Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының шахталарында кісі өліміне себеп болған төтенше оқиғалардан кейін үкімет компанияны ары қарай не күтіп тұрғанына қатысты бірнеше шулы мәлімдеме жасады. Сарапшылар үкіметтегілер асығыстық қылды, АМТ-ға қатысты нақты жоспар жоқ деген ойда.
Мамыр айынан бері бағамы тұрақты болып келген теңге кейінгі екі күннің ішінде 3 пайызға жуық құнсызданды. Сарапшылар теңге Ресей рублінің ізінше құнсызданды десе, Ұлттық банк валюта бағамын нарық реттейді дейді. Бірақ ешкім де теңгенің әлсіреуін отандық өндірушілерді қолдаумен байланыстырмайды.
Қазақстандықтардың табысы өсіп жатқанымен, оны қосанжарласа көтерілген баға "жалмап" жатыр. Елдегі инфляция ғаламдық көрсеткіштен жоғары. Тұрақты жұмысы бар адамдардың айтарлықтай бөлігінің жалақысы ең қажетті тауардан артылмайды. Неліктен?
Қазақстан елдегі ірі мұнай-газ кеніштерін игеруші North Caspian Operating Company N.V. мен Karachaganak Petroleum Operating BV операторларын халықаралық сотқа берді. Үкімет Қашаған мен Қарашығанақта мұнай өндіретін консорциумдардан не талап етіп отыр? Азаттық сарапшы Абзал Нарымбетовтен сұрап көрді.
Келесі айдан бастап Қазақстанда тауар қозғалысын шекарадан шекараға дейін онлайн режимде бақылап, Мәскеуге салынған санкциялардың бұзылмауын қадағалайтын жүйе іске қосылуы мүмкін. Бірақ бұл санкцияларды айналып өту тыйылады дегенді білдіре ме?
Астық тасымалдаудағы көлік коллапсы ішкі нарыққа және экспортқа өнім жөнелтетін кәсіпкерлерді тығырыққа тіреді, кейбірі жұмысын тоқтатуға мәжбүр екенін айтады. Сарапшылар мұны тасымалмен айналысатын ұлттық оператордың шетелдік транзитке басымдық беруімен байланыстырады.
Ұлттық банк инфляцияға қарсы күрес мақсатында бір жылда бесінші рет базалық пайыздық мөлшерлемені өсіріп отыр. Бұл нені білдіреді? Мұндай шешімнің соңы неге әкелуі мүмкін? Мәселені қалай шешуге болады? Азаттық экономист Марат Қайырленовпен сөйлесті.
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақ ақшасын инфляция "жұтып" жатыр. БЖЗҚ қаржы тоғыз айда 5,3 пайызға өскен дейді, бірақ осы кезеңдегі инфляция мөлшері – 15,4 пайыз. Инфляция көрсеткішінің есептелуі де – даулы мәселе. Сарапшылар үкімет манипуляция жасап отыруы мүмкін деп санайды.
Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін екі апта ішінде Қазақстанға 300 мыңға жуық ресейлік келген. Алғашқы топ көктемде батыс елдері Ресейдің банк жүйесіне санкция салған кезде ағылды. Қазақстанға келген ресейліктер рубль әкеледі. Бұл ақша қазақстандық банктерде іске жарамай, бос жатыр. Неге?
Қазақстан үкіметінің институты – "Бәйтерек" холдингі ресейлік Сбердің еншілес компаниясын сатып алды. Сарапшылар бұл қадамды санкция салынған банкті құтқару үшін жасалған саяси келісім деп бағалайды. Банкті сатып алуға мемлекеттен қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз.
Тағы