Суретші Мұрат Ділманов Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда карикатура салып күн көру мүмкіндігі, хейтерлерге көзқарасы, саяси суретке тапсырысты қайдан алатыны, неліктен өзін феминистердің жақтырмайтыны жайлы айтты.
Қазақстандағы ең ықпалды отбасының мүшесі болған екі адамның жұмбақ өлімінің арасын бес жарым жыл уақыт пен Еуропадағы қос астананың арасындағы мың шақырымнан астам жол бөліп жатыр.
Беларусьте билікке наразылық шеруіне жүз мыңнан астам адам қатысты. Билік Минск көшесіне шерудің жолын бөгеуге полициямен қоса армия сарбаздарын шығарды. Автомат асынған Александр Лукашенко наразыларды "жөнге келтіреміз" деп сес көрсетті.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың мезгілсіз қазасы елдегі басты әулеттің төңірегінде соңғы кезде жүріп жатқан сарай тартысының бір бөлігі тәрізді.
Қазақстанда билікке тәуелді БАҚ Беларусьтегі наразылық жайлы ақпаратты сирек беретіні байқалады. Сарапшылар "қазақстандық БАҚ үшін елдегі наразылықтардан гөрі сырттағы жағдайларды жазып, оған реакция білдірген оңай" дейді.
16 тамызда Беларусь астанасы Минскіде президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтін нөпір халық шеру өткізді. Кей болжамдар бойынша Минскінің Жеңіс алаңында жексенбідегі наразылық шеруіне 100 мыңнан 220 мыңға дейін адам қатысқан.
16 тамызда Лондонда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Басылымдар "оның жүрегі тоқтап қалған" деп хабарлады. Желі қолданушылар марқұмның қазасы туралы ойларын жазып жатыр.
Биліктегі "Нұр Отан" партиясы парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарда депутат болуға лайықтыларды таңдайтын ішкі іріктеу – праймериз бастайды. Бұл науқанды "көзбояушылық" деп санайтындар да, оны "партиядағы жақсы өзгерістің нышаны" дейтіндер де бар.
Беларусьтегі жағдайға Қазақстаннан көзқарас
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт қазақстандықтардың Беларусьтегі оқиғаларға қызығушылығын елдегі саяси таңдаудың жоқтығымен байланыстырады. Ол ұқсастық болғанымен екі елдегі наразылықтардың себебі, дамуы мен ауқымына әсер ететін едәуір айырмашылықтар барын айтады.
Тағы