Белсенді Фариза Оспанның Шымкент полицейлерін "наразылыққа шыққанымда ұрлап әкетіп, бостандығымды заңсыз шектеп, қорлады" деп айыптайды. Оның арызы бойынша "билігін асыра пайдалану" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталған.
Постсоветтік елдердегі авторитар басшылар да, ондай биліктен жалыққан халық та Беларусьтегі наразылықты жіті бақылап, осы жағдай өздерінде қайталанса не істейтіні жайлы ойланып отыр.
Алматы соты "билік өкіліне күш қолданып, қорлаған" деп таныған азаматтық белсенді Әсия Төлесованың бостандығын бір жарым жылға шектеуге үкім етті. Екі айдан бері абақтыда отырған белсенді босатылды. Төлесова ақталуы тиіс деп санайтын адвокаты апелляцияға өтініш беретінін айтты.
Орталық Азия президенттерінің елді аралағанда қарапайым тұрғындардың қонағы болуын сарапшылар бедел көтеру үшін қолданатын саяси технологияға жатқызады.
12 тамызда Қазақстан парламенті cенатындағы босаған орындарға сайлау өтпек. Бірақ кандидаттардың үгіт-насихатынан бұқара бейхабар. Қоғамда унитарлы елге екі палаталы парламент керек пе деген сауал да бар.
Саяси шолушы Юрий Дракахруст "Беларус "майданы" мақсатына жете ме?" деген сұраққа жауап іздеп, постсоветтік кеңістіктегі авторитарлық режимдердің бұрынғы сценарийлері қазір неге жұмыс істемейтінін түсіндіруге тырысты.
10 тамызда кешке Беларусь астанасы мен өзге қалаларда президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспейтіндер тағы да көшеге шықты. Кей жерлерде наразылар мен полиция арасында қақтығыс болды. Билік бір адамның қаза болғанын хабарлады.
"Настоящее время" мен Азаттықтың Беларусь қызметіне сұхбат берген сарапшылар Лукашенко билігі халықтың жеңісі мен дауысын ұрлады деп санайды.
Беларусь ОСК президент сайлауында елді ширек ғасыр басқарып отырған Александр Лукашенконың жеңгенін жариялады. Бұған дейін мыңдаған адам қарсылық акциясына шығып, полиция оларға күш қолданған.
Қазақстанда тергеу абақтысында жұмбақ қазаға ұшыраған Дулат Ағаділге ас берілетіні хабарланғаннан кейін ондаған белсендіні әкімшілік қамауға алынды, кейбіріне айыппұл салынды. Құқық қорғаушылар билік осылайша марқұмның асына көп адам жиналуына жол бермеуге тырысып отыр дейді.
Түрмеде отырғанына 15 жыл болған ақын әрі диссидент Арон Атабектің жағдайы туралы ақпарат қайшылыққа толы. Түрме әкімшілігінің тұтқынның "дені сау" деген сөзін құқық қорғаушылар "бас қатыру" деп атап, билікті Атабекті босатуға үндеді.
Тағы