"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.
АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.
Діни нақыштағы киім зайырлы мектепке қатер төндіре ме? Ондай киімге тыйым салу діндар отбасына қалай әсер етеді? Өзге елдердің тәжірибесі қандай және Қазақстанда радикалдану мәселесі өзекті тақырып па? Азаттық Орталық Азиядағы дін мәселелерін зерттеп жүрген ғалым, Астанадағы Назарбаев университетінің саясаттану профессоры Элен Тибодан сұхбат алды.
Қаңтар оқиғасынан соң "әуежайға шабуыл жасады" деген айыппен сотталып, түрмеде отырған Әйгерім Тілеужанның үстінен тағы іс қозғалды. Бұған сотталушылардың бірімен арадағы жанжал себеп болған. Билікті сынап жүрген, қазір қамауда жазасын өтеп жатқан Тимур Дәнебаев та камералас адаммен жанжалдасқан.
Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы Шонжыдағы абақтыда отырған азаматтық белсенді Досжан Қуаныштың әкімшілік қамау мерзімі 7 күнге ұзарды. Анасының сөзінше камерада біреумен жанжалдасқан. Оқиғаны ішкі істер министрі де растады
Астанада бірнеше белсенді әкімшілік қамауға алынды. Билік оларды оппозиция қарсылық акциясы өтеді деп белгілеген күнге жеткізбей жазалады.
Forbes Kazakhstan журналының рейтинг редакторы Ардақ Бөкеева Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы журналистердің бедел институты туралы ой бөлісіп, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысты ақпараттық жанжал туралы пікірін ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстанның қазіргі саяси режимі неліктен сөз еркіндігіне мүмкіндік бермейтінін түсіндіреді.
17 наурызда Ресейдің Алматыдағы бас консулдығына Ресей президентін сайлауға дауыс беруге келген адамдар ұзын-сонар кезекте тұрды. Ресей оппозиционерлері дәл сол күнге "Путинге қарсы талтүс" акциясын жариялаған. Ресей түрмесінде қаза тапқан Алексей Навальный да көзі тірісінде осы шараны қолдаған еді.
Атырауда Азаттық тілшісін әкімдік шенеунігі Ұлттық құрылтай өтіп жатқан жерге кіргізбей қойды. Ал жай киім киген белгісіз біреулер журналистен видеоға түсірмеуді талап етті. Тілшіміз редакцияның тапсырмасы бойынша репортаж жасауға барған еді.
Қарақалпақтар 2000-жылдардың басынан Өзбекстаннан көрші елдерге жұмыс іздеп жиі шыға бастаған. Қазақстанда тұрақтап қалғандары да бар. Олар қарақалпақ тілі мен мәдениетін дәріптеп, кейде қоғамдық-саяси мәселелерді де талқылаған. Өзбекстан билігі сынға төзбей, оларға қысым жасауға тырысады.
Алматыда "билікті басып алмақ болған" деген айып тағылған жеті адамның айыбы толығымен дәлелденді деген тергеу тарабының байламымен үндесетін үкім шығарды: үш адамды 6 жылға, үшеуін 5 жылға бостандығынан айырды. Олар тағылған айыпты жоққа шығарды. Кінәсін мойындаған бір адамға сот шартты жаза берді.
Көп жыл оппозициялық газет шығарып, сол үшін қуғын да көрген Ермұрат Бапи қазір парламент мәжілісінің депутаты болып отыр. Азаттыққа сұхбатында ол парламенттегі жұмысы, азаматтық позициясы, елдегі тәуелсіз медиа және "жаңа" және "ескі" Қазақстан туралы ой бөлісті.
Тағы