Қазақстан билігі ел аумағы мен сыртында 2 мыңнан астам адамға қылмыстық іс аясында ресми іздеу салып отыр. Бұдан бөлек құзырлы органдар түрлі айыппен тергеу бастаған, бірақ әзірге үкімет экстрадициялау жөнінде сұрау салмағандар да бар. Азаттық солардың кейбірі жайлы ресми ақпаратты саралап шықты.
39 жыл бұрын советтік Қазақстанды басқаруға республика халқына бейтаныс шенеунікті жұмсаған Мәскеудің шешіміне наразы мыңдаған қазақ қыз-жігіті Алматының орталық алаңына бейбіт шеруге шықты. Тарихшылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын Совет одағының ыдырауын жақындатқан "алғашқы қарлығашқа" жатқызады.
Қазақстан Қара теңіздегі дрон шабуылы үшін Украинаға наразылық білдірді. Бұл шабуыл мұнай экспортын тежеп, Еуропа, Үндістан және Қытайдағы нарыққа ықпал етпек.
Үкімет шетелден қаржы алатын жеке және заңды тұлғалар тізімін жаңартты. Оған 2025 жылдың бірінші жартысында шеттен қаржы алғандар енгізілген. Арасында құқық қорғау ұйымдары, жеке азаматтар мен заңды тұлғалар бар.
Каспий құбыр консорциумының Новороссийскідегі құрылғысына шабуыл салдарынан Қазақстаннан тасымалданатын мұнай экспортына зиян келді. Сарапшы Астанада бұдан миллиардтаған доллар зиян шегеді деп болжайды. Ал мұнайды балама жолмен экспорттаудың мүмкіндігі шектеулі дейді сарапшы.
Ресей жағында соғысып, Украинада тұтқынға түскен Орталық Азия елдерінің азаматтары отбасылары мен өз елінің өкіметінен өздерін тезірек үйге қайтарып алуды сұрайды. Алайда әскери тұтқындар отанына қайтарылғаны немесе олардың елдері ресми сауал жолдағаны жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.
Чукоткада Ресей Арктикасындағы ең ірі жекеменшік жоба – алып мыс комбинаты салынып жатыр. "Система" зерттеушілері бұл жобаның артында Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын топ тұрған болуы мүмкін дейді.
29 қарашада Украинаның экипажсыз катерлері теңіз терминалының айлақ құрылғысын істен шығарып, мұнай тасымалы тоқтаған еді. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұған қатысты мәлімдеме жасап, Украинаға наразылық білдірген. Бұл оқиға Қазақстанда үлкен пікірталас тудырды.
Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті өтті. ҰҚШҰ-ға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Армения мүше. Бірақ Армения Қарабақтағы соңғы қақтығыстан кейін ұйымға қатысуын тоқтатқан. Сонымен Қырғызстандағы жиын қалай өтті?
"Назарбаев та, Әлиев те бізді өз пайдасына қолданғысы келеді". Қазақстанның экс-президенті мен бұрынғы күйеу баласы жайлы АҚШ дипломаттары осылай жазған. "Эпштейн құжаттарында" сілтеме жасалған газет мақаласында Рахат Әлиев АҚШ-тан пана сұрап, 2 млрд доллар активін қайтаруға талпынғаны айтылған.
Тағы