Құқық қорғаушылар "Жалған ақпаратты жариялау, тарату" деген әкімшілік бап биліктің қолайына жақпайтын журналистерді, блогерлер мен белсенділерді қудалауға пайдаланатын құралға айналғанын айтады. Әрі бұл баптар әркім әрқалай түсіндіре алатындай бұлыңғыр.
Германия канцлері Олаф Шольц Өзбекстаннан кейін ресми сапармен Қазақстанға келеді. Астанада ол жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп, Орталық Азия басшыларымен "бес плюс бір" форматында өтетін саммитке қатыспақ. Бұл кездесулерден не күтуге болады? Аймаққа қандай пайдасы бар?
Қазақстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы операциясы туралы үнсіз қалды. Мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын БАҚ көптен бері Ресей – Украина соғысы жайлы жазбайды. Бұған не себеп және оған сыртқы фактордың әсері бар ма?
Қазақстанда биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні парламент мінберінен халыққа дәстүрлі жолдауын жариялаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бұған қоса ол жаңа салық кодексі, қаржы жүйесі, әкім сайлауы және тағы басқа мәселелерді айтты.
Степногорск қаласындағы №4 мекемеде жазасын өтеп жатқан белгілі марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ лидері Марат Жыланбаев екі айлық тәртіп изоляторынан шықты. Адвокаты оның түрмедегі хал-ахуалы туралы Азаттыққа айтып берді.
Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы жаңа есебін жариялады. Есептің толық атауы – "Саяси қуғын, экономикалық шектеу: терроризмді қаржыландыруға қатысы бар деген қазақстандықтар тізімі қалай қосымша адам құқығын бұзуға әкелді".
Украина әскері Ресейдің Курск облысына шабуылын жалғастырып жатыр. Бұған қоса, Ресейдің Белгород облысы да "жағдай өте қиын" деп, төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет және Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін екі жарым жыл өткенде Ресей аумағы ашық шабуылға ұшырады. Ресей жеріндегі шайқастар "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қақтығысқа араласа ма?" деген сұрақ туындады.
2 тамызда Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бостандығынан айырды. Азаттыққа бұл туралы журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Азаттықтың Татар-Башқұрт редакциясының тілшісі Алсу Құрмашева жақында бостандыққа шықты. Ол Батыс елдері, Ресей мен Беларусь арасындағы тұтқын алмасу шарасы аясында босатылды. Алсу 288 күнін қамауда өткізді. 19 шілдеде Татарстанның Жоғарғы соты журналисті «әскер туралы жалған ақпарат таратты» деген айыппен түрмеге жапқан. Idel.Реалии сайты Алсудың хикаясы мен журналистің тергеу абақтысынан жазған хаттарын баяндайды.
АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді әйел болуы мүмкін. Президент Джо Байден президент сайлауына қатысудан бас тартты. Ол өз орнына Харристі ұсынып отыр.
Камала Харрис АҚШ вице-президенті лауазымына сайланған алғашқы қара нәсілді әйел ретінде тарихқа енді. Ол бұрын заңгер, штат бас прокуроры және сенатор болған. Джо Байден биыл күзде өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқаннан кейін өз орнына Харристі лайық көретінін айтқан.
Мамырдың аяғында Алматы соты стендапер Нұрасхан Басқожаевты "көпшілік алдында балағат сөз айтқаны" үшін 15 күнге қамады. Әріптестері комик саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазаланды деп біледі. Азаттық Central Stand Up Almaty сахнасында не болғанын анықтауға тырысып көрді.
Тағы