Ресей Украинаға басып кіргелі дипломатиялық изоляцияға ұшыраған "Росатом" компаниясы Мәскеудің әлемдік аренадағы беделін сақтап қалуға жанталасының маңызды бөлігіне айналды. Ресейдің ядролық энергия саласын қолдау жүгі әдеттегідей Кремльмен тығыз байланысты Орталық Азия елдерінің иығына түседі.
Миллиардер Болат Өтемұратов иелігіндегі "31-телеарна" мен informburo.kz интернет порталын сатты ма, әлде сыйға тартты ма? Медиахолдингтің жаңа иесі кім? Мемлекет қолдауымен құрылған үкіметтік емес ұйымға телеарна мен ақпараттық портал не үшін керек болды?
Орал соты жергілікті "Уральская неделя" газеті "сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережесін бұзды" деп тауып, басылымға 110 мың теңге айыппұл салды. Газет АЭС жайлы референдумге қатысты жұрттан блиц-сауал алғаны үшін жазаланды. Бұл жайт журналистер арасында "сайлау не референдум қарсаңында халықтың ой-пікірін білуге болмай ма?" деген заңды сұрақ туғызды.
Израиль Газа секторында АҚШ пен Еуроодақ "террористік ұйым" деп таныған ХАМАС тобына қарсы соғыс бастағалы бір жыл өтті. Биыл қыркүйектен бері Израиль мен "Хезболла" тобы арасында әскери іс-қимыл үдеді. АҚШ бұл топты да террористік ұйымдар тізіміне қосқан.
Қазақстанда 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша референдум өтті. Алдын ала жарияланған ресми қорытындыға сенсек, дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Бұл – Қазақстандағы төртінші, Тоқаев билікке келгелі өткен екінші референдум. Бұл референдум Тоқаевқа не береді? Референдум өткізіп, "халықтың пікірін сұрау" арқылы ол "еститін үкімет" қағидасын орындады ма?
АЭС салу туралы референдум өткен күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беретін учаскесін өзгертті, көптен бері жұрт көзіне түспеген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев төбе көрсетті. Азаттық тілшісі Астанадағы дауыс беру барысын бақылаған еді.
Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум басталды. Жерігілікті уақыипен таңертеңгі сағат жетіде елде 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды. Жұрт "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап береді. Бюллетеньде "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап көрсетілген.
Иран Израильге қарсы зымырандар ұшырды. Тегеран билігі өкілдері мұны "кек қайтару" деп атаған. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Иран "өте үлкен қателік жасады" деді. АҚШ Израильге қолдау көрсетті. Тегеранның ісін айыптаған БҰҰ мен Еуропа Одағы жетекшілері Таяу Шығыс аймағында атысты дереу тоқтатуға үндеді.
Құқық қорғаушылар "Жалған ақпаратты жариялау, тарату" деген әкімшілік бап биліктің қолайына жақпайтын журналистерді, блогерлер мен белсенділерді қудалауға пайдаланатын құралға айналғанын айтады. Әрі бұл баптар әркім әрқалай түсіндіре алатындай бұлыңғыр.
Германия канцлері Олаф Шольц Өзбекстаннан кейін ресми сапармен Қазақстанға келеді. Астанада ол жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп, Орталық Азия басшыларымен "бес плюс бір" форматында өтетін саммитке қатыспақ. Бұл кездесулерден не күтуге болады? Аймаққа қандай пайдасы бар?
Қазақстанның мемлекеттік ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы операциясы туралы үнсіз қалды. Мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын БАҚ көптен бері Ресей – Украина соғысы жайлы жазбайды. Бұған не себеп және оған сыртқы фактордың әсері бар ма?
Қазақстанда биыл 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні парламент мінберінен халыққа дәстүрлі жолдауын жариялаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бұған қоса ол жаңа салық кодексі, қаржы жүйесі, әкім сайлауы және тағы басқа мәселелерді айтты.
Тағы