- Ағаш - қурады... - дедім, мен де таңғала тұрып. - Енді бұл құласа, не болады? Шырмауықтар не істейді?..
Сіз, көбіне, бірінші жақтан жазасыз ғой... Кейіпкерлеріңіз, негізінен - "Мен"... Жаңа қарасам, "мен" деген бірінші жақ жіктеу есімдігі мәтіннен түгел... ұшып кетіпті!.. Кітабыңыздың жартысынан көбінде бас кейіпкер жоқ...
Қазақ ССР Министрлер кеңесі 1991 жылы қарашаның 18-і күні «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ ССР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» деп аталған №711 қаулы шығарған екен.
Осының қайсысы болғанын білмеймін, бірақ Құланның әңгімесін айналаға Бақаның өзі айтып таратқаны анық.
Ағамыздың үйінен оралғанда, мен осы күнге дейін қысылып-қымтырылмай, кең-мол тұрып келген ескі пәтеріме сыймай қалдым. Өмірімде алғаш рет өзімнің әлгі... статусым туралы ойладым.
- Қаңбақтар біріксе және бір бағытта жөңкісе - үлкен күш! - деді Қаңбақ. - Бұл жақта жел дұрыс соқпай ма, әлде қаңбақ дұрыс ұшпай ма - әйтеуір, иен далада бәрі бет-бетімен лағып, бағдарсыз жосып жүрген өңшең бір берекесіз саяқтарды ғана көресің...
... "Сенесіз бе, сенбейсіз бе, мен - осы елдегі жалғыз әдебиет сыншысымын... Жалғыз болғандықтан, аса көрнекті сыншы болып есептелем. Жалғыз болғандықтан, әдеби қауым мені сирек құбылыс, ұлттық құндылық ретінде алақандарына салып, аялап отыр десем болады.
Олжасын аузына көлденең тістеп, оны біреу тартып алатындай жедел жылысып бара жатқан сары ит (ай, итпісің деген!) анадай жерге ұзай бере, қайырылып, маған қарап... бір зәндемі сарказммен езуін ырситып күлді... Мейлі...
Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу шілденің 4-і Стамбулда «ИМ содырларымен соғысқандарға бар көмегімізді береміз, Ресейге де Инжирлик әуе базасын ашамыз» деді. Бұл Ресейге сенім білдіру ме әлде шарасыздық па – көпшілік түсінбей қалғандай. «Содырлармен соғысатындардың бәрін қолдаймыз, неге Ресеймен бірікпеске?» деп мәлімдеді Чавушоглу.
Ертуған мен Нұртуған туыс еді, бірақ ол Нұртуғанды аса менсініңкіремей, «біртүрлі жүрегі жұмсақ па, ана бір Бөтеннің жанында жарамсақтанады да жүреді» деп жақтырмайтын, кейде оның қылпылдаған сақтығын мазақтап, «кісі мұрнын қаната алмайтын гуманист» деп кеңкілдейтін.
Маусымның 18-інде Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономика форумында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда әйел де президент бола алады деген пікірі БАҚ пен әлеуметік желілерде жиі талқыланды.
Сербияның ескі де жаңа премьер-министрі Александр Вучич қызметіне қайта сайланып, маусымның ортасына дейін жаңа үкімет жасақтаймын деп уәде бергенде ешкім бәлендей жаңалық күтпеген. Негізгі министрлік креслоларды кімдердің иеленетіні анық болғандықтан, кандидатуралар туралы көп әңгіме де болмаған еді. Алайда мамырдың 26-сы күні Вучич Мәскеуге барып, Путинмен кездесіп қайтқан соң жаңа үкімет құрамы бұл елде қызу талқыланатын тақырыпқа айналды.
Тағы