Лангкнави немесе Пенанг аралдарының бірінде теңіз суына аяғымды салып қойып, тіземе тай массажын жасатып, кеудемді күнге күйдіріп жатқан сәтімде жәй әшейін жүрген бір малай денемдегі ең жұмсақ жерімнен аямай бір теуіп кетті делік. Сонда, мен сорлы оған не деймін?
Депутаттардың Нью-Йорк қаласында әлдебір Назарбаевтың 20 миллион долларға «қора-жай» сатып алғаны, содан бір айқай-ұйқай шығып, мұхиттың арғы-бергі жағына түгел естіліп жатқаны жайындағы мақаланы көздері шалғаны даусыз. «Оу,«Назарбаев» дейді?! Қой, ойбай, қате жазылған да! Анығын білейікші!» деп қалмас па екен?
Сыныптай сырғып өте шыққан өткен аптаның шоң «өтірігін» білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтып салды.
Алматы қаласында жеті аудан бар. Сол жетеудің біреуінде ғана – Алмалы ауданында биыл бұралқы иттерді атуға он миллион теңге бөлінді...
Өмірімде бір рет өтірік айтып көрейінші а? Бір-ақ рет…
Балабақшадағы балам мені өте қиын жағдайға қалдырды. «Әке, президент Нұрсұлтан барда мен бақыттымын» деп бір күні шаттанып келді үйге.
Наурыздың 7-і күні Алматыда Қазақстан пікірсайыс орталығының ұйытқы болуымен жас белсенділердің арасында «Жастарға не керек?» атты пікірсайыс өтті.
...Осымен әлем шіркін тырп етпей тоса тұрсын, тоқтай тұрсын, біз әлі талайға талайды көрсетіп, талай рет бірінші боламыз!
Бiрақ бiзде президент пен билiктi сынағаны үшiн соттайтын заңның жоқтығынан ұлттық қауiпсiздiк комитетіндегілердің әлгіндей қисынсыз айып табуына тура келдi.
...Ұят үйдегі ұят, ауладағы ұят, көшедегі ұят, аутобустағы ұят, аудандағы ұят, қаладағы ұят, облыстағы ұят, Қазақстандағы ұят, Берлиндегі ұят деп сортталады... өйдә-ә-ә... бірін айт та бәрін айт... Берлиндегі ұятты айт!
Тағы