Қазақстанда кәмелетке толмаған жеткіншектер арасындағы қорлау, кемсіту, бопсалау, күш көрсету кейде баланың мезгілсіз ажалына себеп болады. Ресми дерек бойынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында кәмелетке толмағандарға қатысты мыңға жуық қылмыс, 11 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелген. Балалар арасындағы буллингке ата-ана да, қоғам да жауапты дейді мамандар.
Қаңтар оқиғасында президент резиденциясына шабуылдады деп айыпталған 11 адамды сот кінәлі деп тауып, залдан тұтқындауға пәрмен берді. || Түркістан облысының диқандары шегірткеден зардап шегіп жатыр || БҰҰ Газада бейбітшілік орнатуды көздеген АҚШ-тың жоспарын мақұлдады.
Қазақстанның Түркістан облысында диқандарды шегіртке әуреге салып жатыр. Қауын-қарбыз алқаптарына түскен зиянкес қазірдің өзінде 60 мың гектар жерге тараған.
Алматының Наурызбай аудандық соты «Қаңтар оқиғасы» кезінде «әкімдік пен президент резиденциясына шабуылдады» деп айыпталған 11 адамға үкім оқыды. Сот бәрін кінәлі деп таныды. Сотталушылар мен олардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі оның ырқынан тыс оқиғалардан басталып, 2022 жылғы үлкен қантөгіске ұласқан саяси бүліктен кейін беки түсті. Сарапшылар Тоқаев билікке келгелі жүйелі өзгеріс болған жоқ дейді.
Тағы