Accessibility links

Денсаулық сақтау министрі жаңа уақыт белдеуіне шағымға пікір білдірді


Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова (сол жақта).
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова (сол жақта).

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа уақыт белдеуіне шағымданып жатқандарға жауап берді. Министр қазіргі уақыт белдеуі "денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар" дейді.

"Сағат белдеуі мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланды. Оған еліміздегі ғылыми орталықтар, физиология институты, Фесенков атындағы астрофизика институты атсалысты. Шешімді ғылыми негіздерге сүйене отырып шығарды. Сағат белдеуі өзгергеннен кейін емханаларға, ауруханаларға айтарлықтай көп түсіп жатқан науқас санын, басқасын байқап отырған жоқпыз. Денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар. Бұл мәселені негізінен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары көтеріп отыр. Денсаулыққа байланысты мәселе көріп тұрған жоқпын", – деді Әлназарова 11 маусымда.

7 маусымда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға қол қойғандар саны 50 мың адамға жетті. Сауда және интеграция министрлігі петицияны қарауға қабылдап алғанын, бұл процеске 40 күн кететінін мәлімдеді.

«Түнгі 2-де таң атады». Қазақстанның ең шығысындағы ауылға жаңа уақыт жайсыз тиді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен. Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытты.

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауыстыру туралы бастаманы ұсынған Василий Фесенков атындағы Астрофизика институты "Қазақстанның басым бөлігі табиғи уақыт бойынша өмір сүрмейді" деп мәлімдеді.

Үкімет бұл шешім "өңірлер арасындағы уақыт кедергісі жойылып, көлік коммуникациясы жақсаруына, бизнес пен мемлекеттік органдар өзара шұғыл іс-қимыл жасасуына оң әсер етеді" деп түсіндірді.

Шешімге наразылар бұрынғы уақытты қайтару туралы петиция жариялады. Олар "жұмыс пен демалыс уақытының сәйкеспеуінен жұмыс өнімділігі төмендеп, ұйқы дұрыс қанбайды" деп жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG