БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жаңа мүшелер қабылдау бастамасын қолдайды. Азаттық радиосына арнайы сұқбатында Пан Ги Мун Қазақстандағы адам құқығы, Иранның ядролық бағдарламасы және «Wіkileaks» сайты әшкерелеген мәліметтер туралы да айтты.
Медғат Құлжанов қазақ композиторы Серік Еркімбековтің ғана емес, әлемге танымал ағылшын композиторының да Шәкерім тақырыбына баруына мұрындық болды. Қазір Лондонда тұратын меценат Азаттыққа сұқбат берген еді.
«Ел болашағы» ұйымының төрағасы Бағдат Әріпов Америка Құрама Штаттарына осыдан бір ай бұрын кеткен екен. Азаттық радиосына сұхбат берген қоғамдық ұйым белсендісі жеке басына қауіп төнген соң елден кетуіне тура келгенін айтады.
Таяуда Қазақстанға АҚШ-тағы Ішкі Еуразияны зерттеу институтының директоры, Индиана университетінің профессоры, исламтанушы Девин Ди Уис келіп қайтты. Ғалыммен болған сұқбат Орталық Азия елдеріндегі діни ахуал турасында өрбіді.
Осыдан бір жыл бұрын Алматы облысы Бақанас ауданындағы жол-көлік оқиғасынан соң құқық қорғаушы Евгений Жовтис түрмеге қамалған еді. Ол Азаттық радиосына телефон арқылы берген сұқбатында қоныс-колониядағы жағдайын әңгімелеп, Қазақстандағы саяси ахуалға қатысты ой-пікірін білдірді.
АҚШ мемлекеттік хатшысының мұсылман қауымдастығымен байланыс жөніндегі арнайы өкілі Анвар Фараһ Пандит Қазақстанға сапарлап келді. Қазақстанға үшінші сапары кезінде Пандит ханым Азаттық радиосына арнайы сұқбат берді. АҚШ өкілі мұсылман әлемімен қарым-қатынас мәселесі туралы ойларын айтты.
Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Азаттық радиосына берген сұқбатында, елде «түрлі-түсті төңкерістерді» ұйымдастыруы мүмкін болғандықтан, қазақ банкирлеріне саясатпен айналысуға тыйым салу керек деп мәлімдеді.
Пост-советтік Қазақстанның коммунистері- не 14 жыл жетекші болған С.Әбділдин қызметінен кеткен күні Азаттыққа сұхбат берді. Ол өзінің Н.Назарбаевпен әу бастан сайысқа түсе алмағанын мойындайды.
Оппозицияның қуғындағы жетекшісі Әкежан Қажыгелдин Азаттық радиосына берген сұхбатында, Қазақстан билігі елді жаңартуға қабілетсіз екендігін, қоғамның өзі бастама көтеруі керектігін айтады.
Қазақ оппозициясының шетелдегі бюросының жетекшісі Серік Медетбеков Азаттық радиосына берген сұхбатында Global Option Management ісі бойынша процесс басталғанда оның жаңғырығы «Қазақ- гейттен» де асып түсетіндігін айтады.
Мақпал Жүнісова бұдан бұрын Азаттық радиосына берген сұхбатында әр таңды "Зәкеңді өлтіргендер табылыпты" деген жаңалық естісем деген үмітпен қарсы аламын деген еді. Заманбек Нұрқаділовтің қазасына төрт жыл толар қарсаңда тілшілеріміз әншінің шетелде жүргеніне байланысты онымен тілдесе алмағандықтан Мақпалдың сол сұхбатын оқырман назарына ықшамдап қайта ұсынып отырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев пен оппозицияның бүгінгі жетекшісі Серікболсын Әбділдин 30 жылдан астам уақыттан бері таныс. Азаттық радиосына сұхбат берген Әбділдин Назарбаев «мемлекеттік билікті толығымен иемденіп алды» дейді.
Тағы