Accessibility links

Серікболсын Әбділдин: Кезінде Қонаевтан жапа шеккен Назарбаевтың өзі одан да өтіп кетті


Серікболсын Әбділдин, Қазақстан Компартиясының төрағасы. Алматы, 19 қаңтар 2009 ж.
Серікболсын Әбділдин, Қазақстан Компартиясының төрағасы. Алматы, 19 қаңтар 2009 ж.

Нұрсұлтан Назарбаев пен оппозицияның бүгінгі жетекшісі Серікболсын Әбділдин 30 жылдан астам уақыттан бері таныс. Азаттық радиосына сұхбат берген Әбділдин Назарбаев «мемлекеттік билікті толығымен иемденіп алды» дейді.


НАЗАРБАЕВТЫҢ ТҰЛҒАСЫНА ТАБЫНУШЫЛЫҚ

– Серікболсын мырза, шамасы, сіз 80-інші жылдардан бастап, ширек ғасырдан астам уақыт Нұрсұлтан Назарбаевпен «иық тіресе» жұмыс істедіңіз, сондықтан оны бүгінгі іс басындағы саясаткерлердің бәрінен де жақсырақ білесіз. Назарбаев елді үзіліссіз 20 жыл басқарып отыр, соның 18 жылы тәуелсіздік кезеңі. Осы мерзім ішінде елде демократиялық қоғам мен мемлекеттің барлық қажетті институттары пайда болды. Олай болса, сіздің пікіріңізше, осы өткен 20 жылдың ішінде президент Назарбаев елде демократия орната алды ма?

- Назарбаевтың билігі іс жүзінде Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалған кезінде-ақ басталған. Ал, кейіннен, сіз дұрыс айтасыз, оның басқарғанына 20 жыл өтті. Қазақстан Компартиясын басқарды, сосын бір мезгілде республика парламентінің төрағасы болды. Сәл кейінірек президент болып сайланды.

Қазақстан Компартиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин тәуелсіздік ескерткіші алдындағы жиында сөйлеп тұр. Алматы, 14 желтоқсан 2006 ж.
Конституциялық та, қоғамдық та институттарды құру... Егер өз кезегімен және Конституцияда жазылғандар бойынша қарайтын болсақ, онда демократиялық азаматтық қоғамның барлық институттары бар.

Бірақ, үлкен өкінішке қарай, бізде Конституция жұмыс істемейді, республика заңдары жұмыс істемейді. Әуелі, мемлекеттік, конституциялық органдарда, үлкен өкінішке қарай, дербестік жоқ.

Бізде Конституцияны алмастырып отырған бір ғана адам бар. Ол мемлекеттік билікті толығымен тамаша иемденіп алды, қалғандары оның ауызына қарап отыр. Мәселен, қазір кез-келген әкім, министр, тіпті, премьер-министрдің
Бізде Конституцияны алмастырып отырған бір ғана адам бар. Ол мемлекеттік билікті толығыменен тап-тамаша иемденіп алды, қалғандары оның ауызына қарап отыр.
өзі теледидардан сөйлей қалса, әңгімені «мемлекет басшысы айтты», «президент тапсырма берді», «Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығының арқасында» дегеннен бастайды, тыңдай алмайтын болдық, ұят тіпті.

Бір сөзбен айтқанда, ол өзіндік бір табынушылық дәстүрін қалыптастырды. Ал, негізінде, ондай табынушылық дәстүрі азаматтық қоғамның іргетасы бола алмайды. Сол себепті, менің айтарым — бізде қағаз бетінде және сөз жүзінде бәрі бар, ал, іс жүзінде бізде өте ауыр қоғам пайда болған.

Біріншіден, егер біз қоғам және билік деп бөлетін болсақ, онда билік құрылымдарын башпайынан басына дейін жемқорлық шырмаған. Бұл — менің сөзім емес. Мұның ұлттық мәселеге айналғанын, әуелі, президенттің өзі мойындайды.

Қоғам мүлдем басқаша болып өзгерді. Өзгергенде де өте жаман жаққа қарай өзгерді. Қоғам адамшылық жағынан да, рухани жағынан да қатты құлдырап барады.

Тәуелсіз қоғамдық институттар, оның ішінде америкалық зерттеушілер сұрау жүргізгенде де сұралғандардың 86-88 пайызының өз пікірін ашық айтуға қорқатыны анықталған. Бұл ерікті қоғам құратын емес, керісінше, адамның еркі мен бостандығын жаншитын саяси режимнің барын білдіреді. Ал, адамдардың, былайша айтқанда, құлға айналғанын көрсетеді.

Сондықтан, меніңше, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін, халық үшін ешқандай да игілікті, пайдалы, озық іс жасаған жоқ.

«ОЛ ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ БАСТЫ ЗИЯНКЕСКЕ АЙНАЛЫП ОТЫР»

- Серікболсын мырза, кешегі 80-інші жылдары жер-жаһанға жар салған мәлімдемелері, үндеулері мен уәделеріне қарай Назарбаев бір адамның билікте ұзақ отыруына қарсы демократ ретінде, авторитаризмнің қарсыласы, реформатор, жемқорлық пен қолпаштық және ағайынгершілік секілді өзге де келеңсіздік көріністеріне қарсы ымырасыз да аяусыз күрескер ретінде билікке келді. Сөйткен адамның өзі 20 жыл бойы билікте отыр, мұны қалай түсіндірер едіңіз?

- Сіз маған өзім де көп ойлап, көп толғанатын сұрақты қойдыңыз. Өйткені, Назарбаев карьерасының бастапқы кезінде мен де биік қызметтерде болдым. Және де біз өте тығыз араластық. Мен Мәскеуде қызмет еткен кезде де ол апта сайын дерлік келіп тұрды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Ресей президенті Борис Ельцин. Мәскеу, 1990 ж.
Біз жиі бірге болатынбыз, республикалық деңгейдегі ғана емес, көптеген одақтық мәселелерді де бірге талқылайтынбыз. Бірде, тіпті, Сталиннің қызметіне баға беруге дейін бардық... Жалпы алғанда, көп қасірет Сталиннің өзінен емес, сталиндік саясаттан келгенін ол сол кезде мойындаған еді.

Бірде, тіпті, Сталиннің қызметіне баға беруге дейін бардық... Жалпы алғанда, көп қасірет Сталиннің өзінен емес, сталиндік саясаттан келгенін ол сол кезде мойындаған еді.
Сосын, ол Қонаевтың өзіне тізе батырғанын, оны [Назарбаевты] жер бетінен жоқ қылып жібергісі келгенін, одан өзін қайта құру мен Горбачевтың қолдауы құтқарғанын, яғни, сол төңіректе көп айтатын.

Мен мұндай бағаларын, оның қысымнан, режимінен, жоғары тұрған адамның режимінен зардап шеккенін естіген соң, бұл оларды, олардың дағдыларын қайталамайтын шығар деп ойладым.

Бірақ, үлкен өкінішке қарай, уақыт өте келе оның сөзі мен ісі бір жерден шықпады. Демек, сол кездері ол бір нәрсені айтқанмен, ойы екінші нәрседе болған. Жалпы, ол президент болып сайланғанға дейін-ақ көсемшілдікке бой алдырып, саяси билікті толығымен иемденуге ниеттенді.

Колбин Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен кетіп, бұл орын екі-үш ай бос тұрған кезде мен оның көптеген мансаптық істеріне септестім.

Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметіне кім лайық деген тақырыпта өте көп әңгіме болатын. Көп адамның аты-жөні аталатын, соның ішінде, әрине, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі де, Еркін Әуелбеков, Мақтай Сағдиев секілді адамдардың және басқалардың есімдері айтылатын.

Бірақ, мен үнемі Назарбаевтың Мәскеудің көзіне түсуіне қолайлы желі ұстап отырдым. Ол кезде мен Мәскеудегі Компартия ОК-нің көп адамымен таныс едім, араласатынмын. Ол — түрлі шағым, домалақ арыз дегендер «дөңгелеп» келіп жататын уақыт, бәрінің үстінен арыз түсетін, Назарбаевтың да үстінен Мәскеуге арыз көп түсетін. Жаңағы қызыл дәліздегілер менен сондай арыз-шағым құжаттары бойынша сұрайтын.

Мен ылғи да оны сондай бәле-жаладан қайсыбір деңгейде қорғап отырдым. Мен Алматыға оралғанда алдымен Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары, ал, бір жыл өткенде төрағасы болдым.

Мен жасымның үлкендігіне қарай (мен одан екі-үш жас үлкенмін) үнемі оған қамқор болып, оны інім секілді жақсы көрдім. Бірақ, менің үлкен өкінішіме қарай, оның жүзінде басқа нәрсе, тіліндегісі басқа, ал, оның ішкі әлемі өте күрделі боп шықты...

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Грузия президенті Эдуард Шеварднадзе. 1995 ж.
Көп адам оның сырын біледі, тіпті, білмегеннің өзінде, оның бір де бір сөзіне сенбейді. Және көбісі ол туралы жаман сөйлеуге қорқады. Сөйте тұра, естуімше, оны жек көретіні сондай, ол теледидардан көріне бастаса болды, телевизорын сөндіріп тастайтын адамдар бар.

Ал, басында жағдай мүлдем басқа еді — жұрт оған сенетін және үміт артатын. Бірақ, уақыт өте келе, оның билікте отырғанына ширек ғасыр өткенде жұрт оның ішкі әлемін таныды. Бүгінде жұрт 80-інші жылдардың соңы мен 90-ыншы жылдардың басында көрген адамын жоғалтып алған.

Мен оның қарау тәсілдері мен айла-шарғыларын басқалай жоритынмын. Аңғал басым, мен оның қулық-сұмдығын, шиеленісі мен айла-шарғысын билік басына жету жолында қарсыластарын жеңу үшін істейтін шығар деп ойлайтынмын.

Бірақ, ол елдің іс жүзіндегі жеке дара «бастығына» айналғанда да әлгі көпе-көрінеу лас та қарау тәсілдерін тастамады. Қазір де сол Қазақстанның анағұрлым озық азаматтарын, дарынды басқарушыларды, топ-менеджерлерді және айтарлықтай алдыңғы қатарлы кәсіпкерлерді жаппай қырып-жою науқаны жүріп жатыр.

Бұл мені қатты мазалайды. Өте қатты қобалжытады. Осылайша ұлт өзінің озық ойлы ұландарын жоятын болса, болашағымыз не болады? Ел не болады, халық не болады? Бұл – бір.

Екіншіден, әу баста оның билікке келуі өз аузымен бір ғана адам биік лауазымда ұзақ отыруға тиіс емес, бұл зиянды деп айтуынан басталған болатын. Ал, іс жүзінде ол өзі елдегі ең негізгі зиянкеске айналды.

Қазақстандағы бәле-кесапаттың бәрі оның саясатынан туындап отыр. Сондықтан, ол баяғыда өз еркімен биліктен кетуге тиіс еді.

«СӘРСЕНБАЕВТЫҢ, НҰРҚАДІЛОВТЫҢ ӨЛІМІ – ОНЫҢ САЯСАТЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ»

- Серікболсын мырза, сіздің сөздеріңізге қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевты танығаныңызға 30 жылдан астам уақыт болыпты ғой. Назарбаевтың қай қасиетін баса айтар едіңіз?

- Жақсы қасиеттерінен айтсам, - мұны жоққа шығарудың қажеті жоқ – ол сүйкімді адам. Кез-келген ортада, кез-келген кездесуде ол әңгіменің басын да, ортасын және соңын да таба біледі. Оның қарапайым еңбеккердің де, мемлекет қайраткерінің және басқаның да тілін таба білуі таңғалдырады. Мұны мойындамасқа болмайды.

Дей тұрғанмен, оның сөзі мен ісі ешқашан бір жерден шықпайды. Ол жалған саясатқа, өтірікшілікке беріліп кеткен. Жалпылай келгенде, ол ешкімді аямайды.

Ол әуелі өзінің ең жақын адамдарын былыққа «батырады» да, өзіне тәуелді етіп қояды. Бұл өте зұлым айла. Ал, байып алып, Назарбаевтан жырақ кете алмайтын адам — нағыз құл.

Әлдекім одан айнып, Назарбаевпен бірге жұмыс істеуге болмайды, онымен бірге істеу қауіпті деп ашық айтқан болса,
Қастандық құрбаны болған оппозиция лидері Алтынбек Сәрсенбайұлын ақтық сапарға шығарып салу. 15 ақпан 2006 ж.
оны не отырғызады, не қудалайды... Ал, мен тағы бір деректі ашық айтқым келеді.

Сәрсенбаев пен Нұрқаділовтың өлімі – бұл оның кері саясатының айқын көрсеткіші. Олардың өлімі айнадай жарқырап, бәрін көрсетті. Олар оның серіктестері еді, не айтса, соны орындады, оған қызмет етті. Қызмет етті!

Мен өз көзіммен көргенмін. Кездескенмін. Кезінде Назарбаевтың өз ұсынысы бойынша олардың өсуіне көмектескенмін. Алғаш рет ол маған: «Секе, бұл жігіт «біздің адам» деп маған Алтынбекті таныстырған да өзі еді.

Ал, олар сеніммен және шындықпен қызмет етті. Бірақ, олар оның қылығына төзбеді, оның лас саясатынан, диктаторлығынан, мемлекетті отбасылық-әулеттік басқару әдісінен бастарын аулақ салды.
Кез-келген ортада, кез келген кездесуде ол әңгіменің басын да, ортасын және соңын да таба біледі. Оның қарапайым еңбеккердің де, мемлекет қайраткерінің және басқаның да тілін таба білуі таңғалдырады.


Және де олар тек аулақ кетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге әрекет етуге көшті, демократияға қоңсы қонбайтын дүниелерді жарыққа шығарды. Бұл нағыз монархия. Бұл Қазақстанның болашағына зиянды. Біріншіден, Қазақстанда сатылмаған нәрсе қалмады. Екіншіден, жұрттың күні қараң. Үшіншіден, халық жаншылған.

Олар сол күрестері үшін жазаланып кетті.

Менің, мәселен, жаныма бататыны — 1937 жыл қайталануда. Айтпақшы, мен сол 1937 жылдың соңында дүниеге келдім. Ол заманда үш адам қол қойса, жетіп жатыр, адамды кінәлі қылып шығаратын. Ал, мұнда адамды омондықтар [анығында: ҰҚК-нің «Арыстан» арнаулы бөлімшесі - Азаттық радиосы] алып шыққан. Ұрлап алып шығады, қаланың сыртына алып барады.

Бір Алтынбекті ғана емес, оның екі көмекшісін де. Өлтірген. Сотсыз және тергеусіз...

«КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІ ҚОПСЫТҚАН КІМ?»

- Шын мәнінде ол жаза еді. Өйткені, олардың бәрін НКВД-ның әдісімен шүйдеден атқан...

- Иә! Сол бәле боп тұр ғой, бір адам ұзақ жыл тұтқаны ұстап отырғанда солай болады, ондай ауытқушылықтардың шын себебін ешкім аша алмайды.

Әлі күнге жұрт айтады, шулайды... Бірақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебі мен салдарына кім кінәлі екенін ешкім айта алмайды. Түсінесіз бе!

Наразылық акциясына шыққандардың қолындағы сөз бостандығына қысым жасамау туралы талап айтылған жазуларды полицейлер күштеп жұлып алып жатыр. Алматы, 24 маусым 2009 ж.
Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай мен ненің не екенін ашық жаздым: кімнің не үшін күресіп, неге барып арандағанын. Бірақ, қалай болғанда да бұның бәрі сол адамнан шығып тұр ғой...

Басқасын былай қойғанда, жұрт жер мәселесінен жапа шегуде. Олардың жерлерін, жер телімдерін тартып алуда... Осы мәселелердің бәрін тудырған кім? Кім осы келеңсіздіктерді қопсытқан?

Мен депутат болғанмын, мен жерді сатуға мүмкіндік беретін бабы бар Жер кодексін қабылдауға қарсы шықтым. Сол кезде ол парламентсіз өзі-ақ даулы кодекске қол қойды. Жалпы, сол бапты енгізген де өзі еді.

Бүгінде енді жерді саудалау-сату төңірегінде жұрт бірін бірі бір жапырақ жер үшін, жер телімі үшін өлтіріп жатыр. Қуаттысы - әлсіздің, батылы – қорғансыздың жерін тартып алып жатыр.

Әлемдік дағдарыс анау... Бірақ, не дегенмен Еуропадағы дағдарыс пен Қазақстандағы дағдарыс — мүлдем екі бөлек дүние. Біздің өз өндірісіміз жоқ қой. Тауардың, оның ішінде азық-түліктің 60 пайызын біз сырттан тасимыз.
Жалғыз өзі мемлекетті басқарған 20 жыл ішінде ішкі нарыққа қолайлы экономика қалыптастырудың орнына ол – президент Назарбаев ештеңе істеген жоқ.


Жалғыз өзі мемлекетті басқарған 20 жыл ішінде ішкі нарыққа қолайлы экономика қалыптастырудың орнына ол – президент Назарбаев ештеңе істеген жоқ. Әлі күнге дейін қайталағаны бір нәрсе: «қане, біз мұнайдан түскен долларға, анаған, мынаған тәуелділіктен құтылайықшы» деп тұрғаны қашан көрсең.

Мұнайдан түскен доллардың ағыны біраз бәсеңдеп қалып еді, қазір қайта күшейді. Енді қорқып отырғаным — ол өзінің ұлттық экономика құру жөніндегі сөздерін ұмытып кететін шығар. Сол себепті, одан пайда жоқ.

«НАЗАРБАЕВ БҮКІЛ ЭКОНОМИКАНЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІП АЛДЫ»

- Сіз Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» деген кітабын оқыдыңыз ба?

- Иә, оқыдым.

- Ендеше, президенттің бұрынғы күйеу баласының жобалауынша, «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттің барлық құнды активтерін жинап алып, Сингапур, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторларына сату үшін құрылған. Оның тұжырымы бойынша, сол инвесторлардың артында Назарбаевтың өзі тұр. Яғни, президенттің экс-күйеу баласының пікірінше, Назарбаев біржола бүкіл елді жекешелендіруге кіріскен. Бұлай болуы мүмкін деп ойлайсыз ба?

- Жалпы, Рахат Әлиевтің жазғандары бізге былай-ақ белгілі еді. Ол, бәлкім, кішкене әсершілдікпен, ызамен жазған болар.

Тәуелсіздік таңы атқан күні-ақ Назарбаевтың барлық пайдалы кәсіпорындарды сатып жібергенін жұрт онсыз да біледі. Бүгінгі жүріп жатқан меншікті қайта бөлісу науқаны да көзге ұрып тұр. Қазір ол «кімге байлық көп, ал, кімге аз бұйырды» және сол активтерді қалай басқару керек деген мағынада «қайта сорттауды» бастады.

Рахаттың жазғандары дұрыс болар деп топшылаймын. «Самұрық-Қазынаны» халық әл-ауқатының қоры деп атауын атады. Ал, әрине, шын мәнінде бұл қор Назарбаевтың өз әл-ауқаты үшін құрылған. Оны жасыруға болмайды.

Шындығында ол саяси билікті ғана басып алып қойған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Қазақстан экономикасын жекешелендіріп алды. Және де ол экономиканың ақша өздігінен құйылып жататын салаларын иеленді. Ондай салалар тек бір ғана мұнай мен газ емес, сонымен бірге ол — металл, әсіресе түсті металдар.
Шындығында ол саяси билікті ғана басып алып қойған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Қазақстан экономикасын жекешелендіріп алды.


Ол бұдан әрі қарай да сата берсе, мен оған таңданбас едім. Міне, қазір «Қазатомпром» ұлттық компаниясы жөнінде өте үлкен әңгімелер айтылуда. Ал, уран деген нағыз таза, қыруар ақша.

«Қазатомпромды» Мұхтар Жәкішевтен тартып алды. Нақтырақ айтқанда, Жәкішевтен емес, оның ықпалынан тартып алды. Ал, Жәкішев және басқалары — озық топ-менеджерлер — олар қандай да бір мөлшерде қарсылық көрсетеді немесе өз пікірлерін айтады.

Ал, бұл оның [Нұрсұлтан Назарбаевтың] жақындарына, соның ішінде өзіне де ылғи ұнай бермейді. Тікелей айтқанда, ол қазір ірі табысты салаларды екінші рет қайта құраумен айналысуда деуге болады.

- Серікболсын мырза, сұхбатыңызға рахмет.
XS
SM
MD
LG