«Ағалар» - тәуелсіз қазақ елінің ең жоғарғы саяси басшылығынан бастап түрлі деңгейдегі әкімдерге немесе прокурорларға дейінгі бейресми тамыр-таныстығының болуы арқасында, экономикалық мәселелердің ғана емес, саяси мәселелердің де оң шешімін шығарып бере алады екен. Азаттық радиосы - өзінің орыс тілінде өткізілген кезекті дөңгелек үстелінде - «ағалар» деген айрықша құбылыстың бүгінгі Қазақстандағы атқаратын рөлі мен маңызын талқылайды.
Қазақстанда билік орындары айтыс өнеріне назар бұрып, қанатының астына алуға ниет танытып отыр. Алайда ақын аузына шенеуніктердің қақпақ қоюына қарсы кейбір айтыскерлер «айтысқа әділ бағаны тек халық қана беруі тиіс» деп санайды. Азаттық радиосының дөңгелек үстелі айтыс өнерінің Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі тағдырына, келешегіне арналады.
Қазақстанда билік орындары айтыс өнеріне назар бұрып, қанатының астына алуға ниет танытып отыр. Алайда ақын аузына шенеуніктердің қақпақ қоюына қарсы кейбір айтыскерлер «айтысқа әділ бағаны тек халық қана беруі тиіс» деп санайды.
Дөңгелек үстел – Саяси және әлеуметтік саладағы күннің өзекті деген күйіп тұрған тақырыптарын қамту үшін саясаткерлермен, мамандармен, Қазақстаннан тыс жердегі сарапшылармен өткізілетін талқылау, талдау сұхбаты
2,5 жылдай үзілістен кейін Астанада Ұлттық тәуелсіздік күніне арналған айтыс болып өтті. Ақындар айтысынның 13 желтоқсандағы қорытынды кешіне қатысқан жоғары лауазымды шенеуніктер бүкіл кеш бойы ақындарды тежеуге тырысты. Осы айтыс туралы Азаттық радиосының интернет-сайтына шыққан мақалаға пікір білдірген көп оқырманның кейбірі: «Айтыс «қайтыс» болды» - деген де пікірін жазды. Міне осыған байланысты Азаттық радиосы өзінің кезекті дөңгелек үстелінде қазақтың 2 мыңжылдық тарихы бар айтыс өнерінің ұлттық тәуелсіздік жылдарындағы тағдыры мен келешегін талқылаған болатын.
Назарбаевтың өкілетін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы ұсынысты «халықтың емес, Назарбаевтың өзінің бастамасы деп білу керек» дейді Азаттықтың дөңгелек үстеліне қатысқандардың кейбірі.
Конституциялық президент сайлауының орнына референдум өткізуді ұсынған топтың бұл әрекетінің астарында не жатыр? Бұл бастаманы президенттің өзі қолдай ма? Азаттық радиосы өзінің орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелінде осындай өзекті тақырыпқа саралайды.
Тағы