Назарбаевтың өкілетін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы ұсынысты «халықтың емес, Назарбаевтың өзінің бастамасы деп білу керек» дейді Азаттықтың дөңгелек үстеліне қатысқандардың кейбірі.
Конституциялық президент сайлауының орнына референдум өткізуді ұсынған топтың бұл әрекетінің астарында не жатыр? Бұл бастаманы президенттің өзі қолдай ма? Азаттық радиосы өзінің орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелінде осындай өзекті тақырыпқа саралайды.
Азаттық Радиосының кезекті дөңгелек үстеліне қатысушы сарапшылар мен экономистер, оның ішінде бұрынғы үкімет мүшелері бар, Қазақстанның көмірсутегі экспортынан жылына нақты қанша табыс түсіретінін айта алмады. Өйткені, деп мәлімдейді сарапшылар, елдің мұнай-газ өнеркәсібі саласында ашықтық-жариялылық жоқ, ал Ұлттық мұнай қоры - әлдеқашан «шетелдік қорға» айналған.
Азаттық радиосы өзінің кезекті пікірсайысында желтоқсандықтардың 1986 жылғы және бүгінгі қоғамдағы орны мен рөлін саралайды. Дөңгелек үстелге қатысушылар бейбіт шеруді кім ұйымдастырды және оның мақсаты не болды деген сауалдарға жауап іздейді.
Өткен ғасырдың 80-інші жылдарының соңы мен 90-ыншы жылдарының басында Кавказ және Балтық теңізі республикаларында, Украина мен Молдовада және өзге одақтас республикарада «Халық майданы» сынды ұлттық немесе әсіре ұлтшылдық қозғалыстардың жаппай құрылып пайда болуына қазақ жастарының 1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы ашық наразылық шерулерінің серпін бергені мәлім. Азаттық радиосы өзінің кезекті пікірсайысында желтоқсаншылардың 1986 жылғы және одан ширек ғасыр өткендегі - Бүгінгі орны мен рөлі тақырыбын саралайды.
Қазақстанда бейресми билік институты бар. Елдегі орыс тіліндегі басылымдар бұл биліктің өкілдерін «агашки», «ағатайлар» деп атайды. Азаттық радиосының осы жаңа да ескі құбылыстың қазақ қоғамындағы атқаратын рөлі мен маңызына арналған кезекті дөңгелек үстеліне қатысушылардың айтуынша, ең қуатты да ықпалды ағатайлар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын маңайына шоғырланған. Олардың бейресми билік құзыры мен ықпал-беделі тіпті мемлекеттік биліктің атқарушы билік - үкімет, заң шығарушы билік - парламент сынды тармақтарының және жергілікті билік - әкімдердің де билік ықпалынан зор көрінеді. Сонымен «агашкалар» немесе «ағатайлар» дегеніміз кімдер және олардың рөлі мен маңызы неде? Азаттық радиосының орыс тілінде өткізілген кезекті дөңгелек үстелінде осы мәселелер қаралады. Дөңгелек үстелдің толық аудио-мәтінін Азаттықтың интернет-сайтынан тыңдауға болады.
Дөңгелек үстел – Саяси және әлеуметтік саладағы күннің өзекті деген күйіп тұрған тақырыптарын қамту үшін саясаткерлермен, мамандармен, Қазақстаннан тыс жердегі сарапшылармен өткізілетін талқылау, талдау сұхбаты
19 қараша күні Нью-Йорктің аймақтық сотында атышулы «Қазақгейт» ісі бойынша америкалық кәсіпкер әрі банкир Джеймс Гиффенге үкім шығарылды. Сонау баста 20 жылдық түрме жазасы мен миллиондаған доллар айыппұл төлеу қатері төнген Гиффен - сот үкімі бойынша - тергеу абақтысында бір түн өткізумен және сот шығындарына 25 доллар жарна төлеумен құтылды. Ал оның «Меркатор» корпорациясы 32 мың доллар ғана айыппұл төлейтін болды.
Тағы