Қазақстанда 200-ден астам адам қаза тауып, жүздеген кісі жараланған, қамауда азапталған қанды Қаңтардан кейін бір жылдан астам уақыт өткенде жаңадан сайланған парламенттің сессиясы ашылды. Мәжілістің жаңа құрамы елде "сайлау әділ өткен жоқ" деген наразылық айтылып жатқан шақта іске кірісті.
Кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижесінде парламентке билікке адал алты партия өтті. Мәжілістегі 40 орын "Аманат" партиясының өкілдеріне тиді, 29 депутат қалған бес партиядан сайланды. Сайлауда өзін-өзі ұсынған кандидаттардың да көбі "Аманат" партиясының мүшелері болып шықты.
Парламентті сайлауда бақылаушы болған Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі сайлау әділетсіз өтті деп, пикетке шықты. "Сайлаудағы заңсыздықтарды өз көзіммен көрдім" деген ол бұған көз жұмып отырған билікке наразы.
Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауының нәтижесіне байланысты дау әлі де басылмай тұр. Тәуелсіз кандидаттар мен бақылаушылар бүгінге дейін хаттама ала алмай жүргеніне шағынады. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы мұны мойындамайды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сәбит Байбосынов аумақтық сайлау комиссиясын "хаттамадағы деректерді қолдан өзгертті" деп айыптады. Сайлау қорытындысы бұрмаланғанын учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелері де растады. Бірақ сот кандидаттың талабын қанағаттандырмады.
19 наурызда өткен мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты дау толастар емес. Сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттар қатысып, билік мұны "демократияның белгісі" деп түсіндірген. Дауыс беруден кейін бірнеше қаладағы өзін-өзі ұсынған кандидаттар сайлау нәтижесі бұрмаланғанын, тәуелсіз бақылаушылар заңбұзушылықтар болғанын айтты. Осындай өңірлердің бірі – Батыс Қазақстан облысы. Онда журналист пен заңгер арасында тартыс туды.
Осы жексенбіде Қазақстанда өткен парламент сайлауынан не түйдік? Өзгерістен үміт бар ма? Қазақстанда саяси бәсеке артып, саяси плюрализмге жол ашыла ма?
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда парламент сайлауы қалай өткенін, қазіргі билік неге өзгеріс жасауға құлықсыз екенін талдап көрді.
Тағы