19 наурыз – мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау күні дауыс беру процесі барысында заң бұзылғаны туралы түрлі ақпарат жиіледі. Жәшікке парақтарды топтап салған және бір адамға бірнеше бюллетень ұстатқан комиссия мүшелері қызметінен кеткені хабарланды.
Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлаған 19 наурыз күні Астана уақытымен сағат 20.00-ға дейін сайлаушы тізіміндегі азаматтардың 54,09 пайызы дауыс беруге қатысқан. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
19 наурыздағы науқан – тәуелсіз Қазақстан тарихында парламенттің тоғызыншы рет сайлануы. 90-жылдары парламентте оппозиция болды, депутаттар жоғары билікті ашық сынайтын. Азаттық парламенттің трансформациясын шолып шықты.
Қазақстанда бүгін, 19 наурызда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Азаттық тілшілері Қазақстанның жеті өңіріндегі тұрғындардан "Сайлаудан кейін елде қандай қоғамдық-саяси өзгеріс күтесіз?" деп сұрады.
Қазақстан азаматтары парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлап жатыр. Кезектен тыс сайлау пропорционал және мажоритар жүйе арқылы өтіп жатыр.
19 наурыздағы сайлау күнінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №393 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Бюллетеньдерді жәшікке салған соң, журналистер сауалға жауап беруін сұрады, экс-президент оның орнына тілек айтты да, үндемей кетіп қалды.
Бүгін, 19 наурыз күні Қазақстан азаматтары мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлап жатыр. Сайлау учаскелері ашыла сала Қазақстан билігінің басында тұрған лауазымды тұлғалар дауыс беріп үлгерді. Бірінші болып дауыс беру учаскесіне сағат 7.00-ден аса Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді.
Қазақстан азаматтары парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлап жатыр. Азаттық телеграм-каналында сайлаудың барысынан тікелей трансляция ұйымдастырды.
17 наурызда Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күніне дайындықты пысықтап, есеп берді.
Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің әкімшілігі сайлау қарсаңында жатақханада тұратын студенттердің дерегін сұрап, студенттерді дауыс беруге міндеттеп жатқаны туралы ақпарат тарады. Masa Media басылымына бірнеше студент кураторлармен сөйлескен чаттың суретін жіберген.
Қазақстанда 19 наурызда мәжіліс сайлауы өтеді. Жаңа партиялар тіркелді, бірмандатты округтерде саяси бәсеке байқалады, пікірталас қызу. Мемлекеттік арналар мен кей сарапшылар оң өзгеріс көп екенін айтып жатыр. Өзгерістерді талдап көрейік, ал баға беруді өзіңізге қалдырдық.
Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттарды түрлі себеппен сайлаудан шеттетіп жатыр. Тәуелсіз үміткерлерді сайлауға жеткізбей шығарып тастаудың астарында не жатыр?
Тағы