19 наурызда өткен мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысты дау толастар емес. Сайлауға өзін-өзі ұсынған кандидаттар қатысып, билік мұны "демократияның белгісі" деп түсіндірген. Дауыс беруден кейін бірнеше қаладағы өзін-өзі ұсынған кандидаттар сайлау нәтижесі бұрмаланғанын, тәуелсіз бақылаушылар заңбұзушылықтар болғанын айтты. Осындай өңірлердің бірі – Батыс Қазақстан облысы. Онда журналист пен заңгер арасында тартыс туды.
Осы жексенбіде Қазақстанда өткен парламент сайлауынан не түйдік? Өзгерістен үміт бар ма? Қазақстанда саяси бәсеке артып, саяси плюрализмге жол ашыла ма?
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда парламент сайлауы қалай өткенін, қазіргі билік неге өзгеріс жасауға құлықсыз екенін талдап көрді.
Алматыда өзін-өзі ұсынған бір топ кандидат сайлау нәтижесін заңсыз деп тануды сұрады. Олар "билік жаппай заңбұзушылық пен қысым арқылы өзі қалаған қорытындыны шығарып алды" дейді. Кейбір кандидат шешімді сотта даулап жатыр.
19 наурызда өткен сайлауды бақылаған тәуелсіз ұйымдардың бақылаушылары дауыс санау процесі баяу жүргеніне наразы. Олардың кейбірі таңға дейін тосып, қорытынды хаттама ала алмай кеткен. Комиссия дауыс санау процесі 12 сағатқа дейін жалғасатынын алға тартқан.
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше болды ма? Орталық сайлау комиссиясының дерегі сайлаушылардың шынайы көңіл-күйін көрсете ме? Жаңа партиялар мен депутаттар қоғамдық-саяси өзгерістер жасай ала ма? Азаттық осы сауалдарды әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығы жетекшісі Серік Бейсембаевқа қойды.
Елде парламент сайлауы өтіп жатқанын еске салатын плакаттар болмаса, 19 наурыз алматылықтар үшін жай күндердің бірі болар еді. Қазақстанның ең ірі қаласында сайлаушылардың 26 пайызы ғана дауыс берген. Азаттық тілшісі Алматыдағы сайлау қалай өткенін көріп қайтты.
19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтті. Алматыда тәуелсіз бақылаушы көп болды. Солардың бірі – Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі. Азаттық тілшісі сайлау күні бақылаушылар жұмысын көруге барды.
Тағы