17 наурызда Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күніне дайындықты пысықтап, есеп берді.
Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің әкімшілігі сайлау қарсаңында жатақханада тұратын студенттердің дерегін сұрап, студенттерді дауыс беруге міндеттеп жатқаны туралы ақпарат тарады. Masa Media басылымына бірнеше студент кураторлармен сөйлескен чаттың суретін жіберген.
Қазақстанда 19 наурызда мәжіліс сайлауы өтеді. Жаңа партиялар тіркелді, бірмандатты округтерде саяси бәсеке байқалады, пікірталас қызу. Мемлекеттік арналар мен кей сарапшылар оң өзгеріс көп екенін айтып жатыр. Өзгерістерді талдап көрейік, ал баға беруді өзіңізге қалдырдық.
Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттарды түрлі себеппен сайлаудан шеттетіп жатыр. Тәуелсіз үміткерлерді сайлауға жеткізбей шығарып тастаудың астарында не жатыр?
Депутаттыққа үміткерлер кім? Олардың сайлауалды ұрандары мен үгіт-насихат парағының сапасы қандай? Кандидат көп болғаны жүйені демократияландыруға кері әсер ете ме? Азаттық мәжіліс пен мәслихат депутаттарының үгіт-насихат материалдарын шолып шықты.
Сананың азаттығы. Құқық үстемдігі. Эмиграциядағы журналистика. 70 жылда Азаттық өткерген тарих пен атқарған миссия қандай? Бұл туралы "Азаттық радиосы – 70 жыл" аудиоподкасынан тыңдаңыз. Онда Азаттық туралы Азаттықтың өзі айтады. Жақында барлық платформаларда подкастың алғашқы эпизоды жарияланады.
Астана қаласында №2 округтік сайлау комиссиясының төрағасы әкімдіктен қысым көріп жатқанын айтып, Азаттыққа шағымданды. Арызданушы Айсара Жолмағамбетованың өзі – "Аманат" партиясының мүшесі. Сөзінше, жергілікті билік өкілі "орныңды босат, бұл – саяси мәселе" деген.
Қазақстанда 19 наурыздағы мәжіліс және маслихат сайлауына 7 партия қатысып жатыр. Бәрі де сайлауалды бағдарламаларында тұрмысты жақсарту,экология, білім, медицина, зейнетақы сынды т.б. әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлген. Ал елдегі адам құқығы, сөз бостандығы мен демократияның жайына тоқтағаны аз.
19 наурызда өтетін сайлауда өздерін мәжіліс пен мәслихатқа қатар ұсынғандар бар. ОСК олардың нақты санын білмейді, бірақ мұндай жайт заңға қайшы емес дейді. Ал сарапшы мұны сайлау заңының шикілігі деп есептейді.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың кейбірі саяси науқаннан шеттетіле бастады. Орталық сайлау комиссиясы олардың декларациясынан кілтипан тапқан. Кандидаттар бұның саяси астары бар дейді.
Президент резиденциясына шабуыл жасады деп айыпталып жатқан белсенді Қосай Маханбаевтың мәслихатқа кандидаттығы тоқтады. Прокуратурадан арыз түскен соң, Алматының сайлау комиссиясы әуелгі шешімнің күшін жойған. Бірақ олар бұл әрекет қаншалықты заңға сай екеніне жауап бере алмады.
Тағы