АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп америкалық ракеталармен Украинаға шабуыл жасауға қарсы екенін айтты. Украина дәрігерлері жараланғандарды қалай құтқарып жатыр? Қадыровтың "тикток әскері" жайлы не белгілі?
Украина Шешенстандағы полктің казармасына дрон түскені айтылды. АҚШ-тың болжамынша, Ресей жақын күндері "Орешник" ракетасымен Украинаға соққы жасауы мүмкін. Венгрия премьері Виктор Орбан Зеленский Рождествода атысты тоқтатудан бас тартты дейді, Киев оның бұл сөзін жоққа шығарды.
Украина өзі жасап шығарған "Рута" ракетасын сынадық деп мәлімдеді. Беларусь авторитар лидері Александр Лукашенко ядролық қаруымыз бар деп мақтанды. Украинаның Запорожье қаласындағы клиникаға ракета түсті. Соғыстағы ахуал. 10-11 желтоқсан.
Германия оппозициясының лидері, жақын арада канцлер атанады деген Фридрих Мерц Киевке сапарлап, Украинаға қолдау білдірді. Нобель бейбітшілік сыйлығының иегерлері Путинге үндеу арнады. Зеленский Украина аумағында Ресейдің 800 мың сарбазы соғысып жатыр деп мәлімдеді.
Парижде Трамп пен Зеленский Макронмен бірге кездесу өткізді. Трамп NBC News арнасына берген сұхбатта Украинадағы соғысты тоқтатуға барын салатынын айтты. Зеленский соғыста 43 мың украин сарбазы қаза тапқанын, Ресей шығыны одан бес-алты есе көп екенін мәлімдеді.
НАТО-ның есебінше Ресей Украинадағы соғыста 700 мың адамынан айырылған. Қазір Ресей әскері күніне 1500 адамынан айырылатыны айтылды. Ал Украина майдан шебіне жақын ауылдарға көлікпен ақша жіберіп жатыр.
Еуропа мен Орталық Азияда косметика жабдықтары мен лазер жартылай өткізгіштерін өндіруші атын жамылған фирмалар желісі Ресейге тыйым салынған тауарларды жеткізуге көмектесіп отыр. Олардың қызметін соғыс бастала сала санкцияға іліккен ресейлік миллиардер Андрей Козицынның компаниясы пайдаланады.
НАТО Украинаның инфрақұрылымын қорғау үшін әуе қорғаныс жүйелерін бермек. Ресей Украинадан 314 баланы мәжбүрлі түрде "асырап алған". Украиналық хакерлер Ресей милитаристік ұйым арқылы жасөспірімдерді соғысқа дайындағаны туралы ақпаратты қолға түсірді.
Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесі қызу талқылана бастады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "әділ келіссөзге дайынбыз" деп мәлімдеді. Франция мен Ұлыбритания Украинаға әскер жіберуі мүмкін екені айтылды. Украинадағы соғыстың 2-3 желтоқсандағы ахуалына шолу.
Азаттық пен серіктестері жүргізген зерттеу Ресей күштері Беларусьте "фильтрация лагерін" басқаратынын анықтады. Бұл лагерь түбінде авторитар президент Александр Лукашенконың үкіметі басқаратын компания территориясында орналасқан.
Владимир Зеленский Ресей басып алған жерлерді қайтару мүмкіндігі жайлы пікір білдірді. Ал АҚШ Украинаға ядролық қару берілмейтінін айтты. Ресей 2025 жылы әскери салаға рекордтық деңгейде қаржы бөлуді мақұлдады.
Тағы