7 қазанда Ресей президенті Владимир Путин 70 жасқа толды. Осы күнге дейін ол оппозицияны басып-жаншып, Украинаға басқыншылық жасаған соң елдің болашағына балта шапқандай болды. Ресей әскерінің соғыстағы сәтсіздіктері мен халық құптай қоймаған мобилизациядан соң жұрттың Путинге көзқарасы өзгеруі мүмкін дейді сарапшылар.
Шекара алдындағы ұзын-сонар кептеліс, такси жүргізушілері, болашағы бұлыңғыр, уайымға толы сапар, бейтаныс адамдардан күтпеген көмек: Ресейде билік "ішінара" мобилизация жариялағаннан кейін елден кетуге асыққан ресейліктердің басынан өткен жайттарды осылай сипаттауға болады.
Украина Ресей әскерінің бақылауында болған Донецк облысындағы Лиман қаласын азат етті. Ресейдің қорғаныс министрлігі ол бағыттағы әскердің басқа жерге ығыстырылғанын хабарлады. Ал Берлинде Германия билігінің бұл соғысқа жанама араласуына қарсылық өтті.
30 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оккупацияланған төрт облысын псевдореферендумға сілтеп Ресей қарамағына қосылғанын мәлімдеді. Украина бұл ештеңені өзгертпейді дейді және Донецк облысындағы тағы бір қаланы азат етуге жақын қалды.
Ресей президенті Владимир Путин "ішінара мобилизация" (ресейліктер мұны толыққанды мобилизация дейді) жариялағаннан кейін елдегі азаматтар әскерге жаппай шақырту ала бастады. Соғысқа аттанып бара жатқандардың арасында әскери тәжірибесі жоқтар да көп.
Украинаның Ресей басқыншылығына қарсы күресінде дрондар маңызды рөл атқарады. Киев осы соғыс құралдарын барынша тиімді пайдалану үшін дрон операторларын көптеп дайындауға тырысып жатыр.
Ресейде "ішінара мобилизация" жариялағаннан кейін Грузиямен шекарадағы Верхний Ларс бекетінде бірнеше шақырымға созылған көлік кезегі пайда болды. Әлеуметтік желіде ресейліктер шекарадан қалай өтуге болатынын сұрап жатыр. Бірақ грузиндердің көбі жылы қабақ танытып жатқан жоқ.
Ресей бастаған соғыстан бас сауғалаған Украина азаматтары Қазақстанға пана іздеп келді. Бірақ олар елде бейбіт өмір сүрудің орнына депортацияға ілікпеу жолын іздеуге мәжбүр.
Ресейде Кремль жариялаған "ішінара мобилизацияға" наразылық күшейіп барады. Аймақтарда тұрғындар жақын-туғанын Украинаға соғысқа жіберуге қарсылық танытты. Иркутск өңірінде әскери комиссариат өкіліне тұтқиылдан оқ атқан.
Тағы