Ресей шекарасынан төрт шақырым жерде орналасқан Харьков облысындағы Волчанск қаласы оккупациядан қыркүйекте азат етілген. Украинаның қарымта шабуылы кезінде қаланы тастап кеткен Ресей әскері енді оны алыстан атқылап отыр. Тұрғындардың көбі көшіп кеткен, қалғаны күнін әрең көріп отыр.
Ресейде мобилизация жариялаған соң, заңды некеге отырғандар саны күрт артты. Содан бері соғысқа шақырту алғандар бірге тұрып келген немесе кездесіп жүрген әйелдермен некесін заңдастырған. Бұған күйеуі өлген немесе жарақат алған жағдайда отбасына жәрдемақы беретіні түрткі болған.
Ресей басқыншылығына дейін бодибилдингпен айналысқан, инженер құрылысшы болған немесе тұрғын үй саласында жұмыс істеген адамдар қазір тәжірибелі дрон операторына айналған. Олардың бұл жолы Украинаның көп нәрсеге қол жеткізгенін және бұдан әрі де көп нәрсені жасау қажетін көрсететіндей.
Ресей әскері бірнеше ай қоршап, бомбалап басып алған Украинаның Мариуполь қаласының күзгі өмірі.
Тоғжан Қасенова "Атом улаған дала" кітабын он бес жыл бойы жазып, кейінгі алпыс жылда ядролық қауіп күшейген тұста жариялады.
Ресей-Украина соғысында ядролық қару жайлы жиі айтыла бастады. Сейсенбі күні журналистер сұрағына жауап берген АҚШ президенті Джо Байден “Ресей ядролық қару қолданса, үлкен қателікке ұрынады” деп мәлімдеді.
Жеті ай бұрын Ресей Украинаға басқыншылық жасағанда, эмигранттардың алғашқы легі елден кете бастады. Қыркүйекте президент Владимир Путин мобилизация жариялаған соң, олардың саны күрт артты. Бірақ сарапшылар соғыс кесірінен эмиграцияланған ресейліктердің нақты санын айту қиын дейді.
Ресей Украинаның бүкіл аумағында азаматтық нысандар мен инфрақұрылымды атқылады. Шабуылдан ондаған адам қаза тапты. Елдегі электр станцияларының үштен бірі қирады, мыңнан астам елді мекенде электр жарығы сөнді. Жарықсыз, сусыз өмір сүріп жатқандар қатал қысты үрейлене күтеді.
Ресей Украина қалаларын әуеден атқылап, маңызды инфрақұрылымдарды қиратып жатыр. Украина да Ресей бақылауындағы аймақтардағы тактикалық орындарға шабуыл жасаған. Қарулы күштер Херсон қаласына жақындап келеді. Қазіргі ахуалды бір шолып шығайық.
Украина күштері Херсон облысының оңтүстігіне шабуылдап жатыр. Херсон қаласын азат ету Украина үшін ірі жеңіс болар еді. Ал Днепр өзенінің оң жағалауынан кетіп жатқан Ресей әскерінің әлеуметтік желіде жариялаған фото-видеолары жағдайдың қалай өрбіп жатқанын аңғартады.
Тағы